Болат бір жылы алысқа жолаушылап бара жатып, бір ауылғакеліп лұқсат сұрап қонған екен. Жатарда үй иесіне айтыпты:
— Мен тауық шақыра жүремін, — депті.
Салқынмен жүргісі келіп жатқан қонақ бір ұйықтап, қайтаояна беріпті. Сыртқа шығыпты, атын суарып әкеліпті. Шақырартауық болмапты. Ағашта қонақтап отырған тауықтан әтешті ұстап, сөмкесіне салыпты да, үйге келіп, қамшысын іздепті.
Үй иесі оянып кетіп:
— Бұл кім, қонақпысың? — депті.
— Иә, мен едім жүргелі жатқан, — дейді.
Үй иесі:
— Тауық шақыра жүремін деп едіңіз ғой, ертерек емес пе? — депті.
— Шақырса шақырар, шақырмаса, жолда шақырар, — деп жүріп кетіпті Болат.
Үй иесі ертеңгісін біліпті әтешті алып кеткенін.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі