Асхат Аймағамбетов жазғы каникулды қысқарту мәселесіне пікір білдірді — Білім, ғылым, мәдениет бөліміндегі материал.
Материал — жазғы демалыс, коронавирус, білім, ҰБТ — осы тақырыптарға байланысты.
ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жазғы каникулды қысқарту мен ҰБТ өткізу мерзімі туралы түсініктеме берді.

«Тоқсандық демалысқа бір апта ерте шығу оқу жылын ұзартуды қажет етпейді. Қазіргі уақытта мұндай мәселе қарастырылып жатқан жоқ. Жазғы каникулды қысқарту да жоспарымызда жоқ. Алдағы уақытта күтпеген оқиғалар болып жатса, ойлануымыз мүмкін. Бірақ, әзірге бұл мәселе көтерілген жоқ», - деп жауап берді министр Орталық коммуникациялар қызметінде тілші сауалына.
Сонымен бірге, министр ҰБТ өткізу мерзімі туралы сұрақтарға жауап берді.
«ҰБТ-ны маусым айының аяғында өткізу жоспарланған, оны да ауыстыруға еш қажеттілік жоқ. ҰБТ сынама тесттерін ақысыз өткізу бойынша жағдай жасадық. Тестілеудің 70 нұсқасын тегін ҰБТ сайтына шығардық, көптеген балалар сынама тесттен тегін өтіп жатыр», - деді министр.
Еске сала кетсек, еліміздегі төтенше жағдайға байланысты мектеп оқушылары, ЖОО және колледж студенттері қашықтан оқыту форматына көшірілді.
Бұған дейін министр қазақстандық мектеп оқушыларының теледидар, радио, интернет және пошта арқылы білім алатынын мәлімдеген еді.
1 сәуірде Қазақстанның барлық мектептері қашықтан оқыту бойынша сынама сабақ өткізеді.
Барлық сұрақтар бойынша Білім және ғылым министрлігінің 1450 колл-орталығына хабарласуға болады.
Бұл бетте Асхат Аймағамбетов жазғы каникулды қысқарту мәселесіне пікір білдірді тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.
Бұл материал Білім, ғылым, мәдениет бөліміне жатады.
Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.
Асхат Аймағамбетов жазғы каникулды қысқарту мәселесіне пікір білдірді материалы Білім, ғылым, мәдениет бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.
- Азамат Төре (авторлық өңдеу)
- Шәкәрім Құдайбердіұлы
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі