Қасқыр анадай жерде, тазы мынадай жерде...

Ертеде бір кедей байдың үйіне келсе, жұрт жиылып, той болып жатады. Менменсіген бай оған жасың үлкен еді, төрге шық демейді. Сонда кедей қария тұрып:

— Ойпыр-ай, байеке, жаңа ауылдан шыққанымда, алдымнан бір арлан қасқыр тұра кеп қашқаны. Дереу тазымды қостым да жібердім. Тазым да желаяқ еді, дегенмен қасқыр да жүйрік екен, — деген кезде, ерігіп отырған бай елең-елең етіп:

— Иә, тазың қуып жетті ме? — дейді.

Сонда қарт оған:

— Жоқ, байеке, қасқыр дәл ана сіздей, тазы дәл мына мендей жерде отырды, — деп жауап беріпті. Көп алдында ұялған бай кедейге:

— Төрлетіңіз, төрлетіңіз! — деп беріпті.

 


WhatsApp Telegram

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Басқа да жазбалар