1948 жылы май айының аяқ кезінде Қарағанды қаласында Киров және Сталин атындағы көмір трестерінің таңдаулы кеншілерінің мәслихаты өтті. Мәслихатқа үкімет адамдары қатысты. Киров клубының кең залына кілем, көрпе төселді. Қонақтарға қазақша қонақасы берілді. Оған Ілияс, Қайып ақындар да қатысты. Әңгіме қыза келе Қайып ақын өлеңдетіп сөйледі. Ол — жиналысқа қатысып отырған құрметті шахтер, Социалистік Еңбек Ері No18 «бис» шахтасының атақты навалотбойщигі Сәкен Шомановқа қарап былай деді:
— Сәкен, тұр Отанына тарту тартып,
Өзіне үстемелі міндет артып,
«Берік серт — Сәкең серті» берген көпке
Көмірді шығаруға тағы да артық.
Атқарып талай қиын істі бастан,
Қиялап тас қамалды аттап асқан.
Сөз бердім батыр шахтер Шомановқа
Ерлігі ақындарға болған дастан.
Шоманов өзінің шахтада 20 жылдан артқан еңбек етіп келе жатқанын таныстыра келіп, үнемі стахановшы болып келе жатқанын айтты. Биылдың өзінде осы өткен бес айдың ішінде он айлық норманы орындағандығын және 15-20 жас жұмысшыларға өз тәжірибесін үйрететіндігін айтты. «Шахтер күніне дейін зор табыспен барамыз» деп сөзін аяқтады.
Осы мәслихатқа қатысып отырған Сәкеңнің сыйлас адамдарының бірі Ілияс Сәкеңнің сөзін өлеңменен жалғастыра сөйледі.
— Әй, Сәкен-ай! Бір сөзбен айтқанда былай демейтін бе? — деп.
— Бұл күнде шалқып жатқан көңлім көлдей,
Тасиды, қимылдасам, көмір селдей.
Жүлде алған серіктерім жебегенде,
Шығамын шырқап алға бәйге бермей! — деп өлеңдетіп қоя берді.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі