… Түске таяу Сансызбай ағай түстік әзірлігіне кірісуді ескертті. Ұл балаларға қолайлы жерден ошақ қазып, отын жиюды тапсырды да, өзі қармағын алып өзенге қарай кетті. Дайын болған ошаққа қазан асып, су толтырған қыздар, іле аршыған көкөністерін әкеп сала бастады. Біз жексенбі күні тау арасында серуен құрып жүрген болатынбыз.
Біраздан кейін ағай қайтып келді. Қолында төрт балық. Қармағын қоя салды да, дереу тазалауға кірісті. Бұл кезде қазандағы су да қайнай бастаған еді.
Ұзамай ағай тап-тұйнақтай тазаланған балықтардың ішіне қазандағы піскен картоп, сәбіз, пияз, сарымсақтарды салуға кірісті. Біз таңырқап қарап тұрмыз. Артынша ағай балықтарды фольга қағазына орады. Сөйтті де, оларды сыртынан қалың етіп саз балшықпен сылап, ошақтағы қызыл шоққа көмді.
Аз-кемнен кейін қоз астындағы күлді-көмеш көмбені қазып алды. Былқылдаған балшық әлдеқашан тас кесекке айналыпты. Сансызбай ағай енді кепкен қабыршықтарды уатып, арши бастады. Ішіндегі балықтың былқып піскені көрініп тұр. Иісі мұрын жарады. Қарап тұрып сілекейіміз шұбырды.
Таңсық дәмді ортаға алып, ауыз тиюге кірістік. Иісі мұрын жарған тамаша тағамның дәмі де тіл үйіргендей екен.
Біз Сансызбай ағайдың өнеріне тәнті болып, қол соқтық.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі