Баяғы заманда бір мақтаншақ шегіртке болыпты. Ол кішкене кезінен алысқа секіргенді жақсы көреді екен.
Мұғалімі оған: «Сен алысқа қалай жақсы секірсең, жақынға да дәл солай секіре білуің керек», — деп қанша ескертсе де, ол тыңдамапты. «Мен өте маңызды шегірткемін, менің алысса секіруім керек», — деп мақтаныпты.
Күндердің бір күнінде ол үйіне шай ішуге бармақ болып секіргені сол екен, үйінен өте алыс жерге барып түседі.
Сол жерден үйіне бармақ болып қайта секіргенде, тағы да алыстап кетеді. Сөйтіп қайта-қайта секіріп, қаншама әрекет жасағанмен, үйіне жете алмай әлек болады. Бірде үйінің сол жағына, бірде оң жағына, не артына, не алдына барып түсіп, жете алмайды. Әбден шаршаған шегіртке бір кезде демалуға отыра кетеді. Сол сәт ол қасында өзінің досы ұлудың тұрғанын көреді. Шегірткенің жағдайын байқаған ұлу оған:
— Біздің де жетістіктеріміздің бар екенін байқап тұрған боларсың. Біз үйімізге әрқашанда кешікпей және асықпай жете аламыз. Өйткені үйіміз қашанда өзімізбен бірге, — дейді шегіртке досына қарап. — Егер сен менің арқама отырсаң, үйіңе жеткізіп саламын.
Шегіртке ұлудың арқасына отырып, үйіне жетіп алады. Досына риза болып, рақметін айтып жатып:
— Иә, достым, алысқа секірумен барлық нәрсе шешілмейді екен, — дейді күрсініп.
— Рас, досым, бұл — шындық. Жақынға секірудің де алысқа секіру сияқты жақсы жақтары көп, — дейді ұлу.
Ағылшын тілінен аударған Мәриям Назарбаева
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі