Коронавирус пандемиясына байланысты биылғы ҰБТ-да санитарлық шектеу шаралары қолға алынады.
Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов мәлімдеді.
«Тестілеу мерзімі әзірге өзгеріссіз қалып отыр. Оны маусымның 22-сінде бастаймыз деп жоспарлап отырмыз. Егер пандемия салдарынан жағдай өзгерер болса, бұл мерзімді қарастырып, тағы екі аптаға созуымыз мүмкін», - деді Дидар Смағұлов.
Сонымен бірге, биылғы тестілеуде түлектердің дене қызуын өлшеу, аудиториядағы адам санын азайту сынды қауіпсіздік шаралары қарастырылады.
«Тестілеуде әдетте бір аудиторияда 100-150 адам отыратын. Қазір 50 адамнан отырғызуды ұйғардық. Эпидемиологиялық жағдай қиындаса, 30 адамнан, тіпті 25 адамнан қалдырамыз. Әр түлектің айналасында 2-2,5 метр қашықтық сақталуы керек. Ол үшін аудандарда ғимарат жеткілікті, барлығын есептеп шықтық. Еш қиындық болмайды», - деді Д. Смағұлов.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі