Ойыншықтарым көп менің,
Бәрін жақсы көремін.
Кешке дейін жалықпай,
Бірге ойнап жүремін.
*****
Ойыншығым қуыршақ,
Не берсем де жемейді.
Еркелігі соншама,
Көтермесем жүрмейді.
Ойыншықтарды шашпаймын,
Түймемді өзім қадаймын.
Жуып жеймін үнемі,
Алма, алмұрт, шиені.
Суды жақсы көремін,
Қашанда таза жүремін.
Күшік, мысық, балапан,
Қуыршағым балақан.
Кәне, бәрің тұрыңдар,
Ойын сауық құрыңдар.
*****
Бала, бала, баламыз,
Бақшамызға барамыз
Күні бойы қызыққа
Батамыз да қаламыз
Қиынсынып қашпаймыз,
Шынығамыз жастай біз –
Көңілді әуен сазымен,
Жаттығуды бастаймыз ...
Үйренеміз өнер біз,
Шетімізден шеберміз.
Тақпақ айтып, ән шырқап,
Билеп-билеп береміз.
*****
Тазалық пен Ұқыптылық
Дос бол сабын, сумен сен,
Жиі-жиі жуын сен:
Таңертеңде, кеште де,
Жуын күндіз – түсте де,
Жуын тамақ алдында,
Жуын тамақ соңында.
Жуын ұйықтар кезінде
Жуын тұрған мезгілде.
Су мен сабын – бір жолдас,
Жоймас олар кір болмас!
*****
Көбелек-ау, көбелек!
Әдемісің керемет!
Гүлге келіп қона ғой,
Өзің де гүл бола ғой.
Көк көйлек, көк көбелек!
Көздері дөп-дөңгелек.
Гүл көрсе, күлімдейді,
Қолыма ілінбейді.
Көк шөптің арасынан
Түр-түсі білінбейді.
— Тараған көпке арайы,-
Несімен қызық жаз айы?
— Су жылып, құм да қызады,
Ыстықтың жақсы ұзағы.
Шомылып көлге, гүл теріп...
Қызық көп көрсең үлгеріп.
*****
Алақай
Балақай-ау, балақай,
Жер құлпырып жаз келді.
Айнала гүл, алақай.
Ауыл маңы өзгерді.
Қырдың қызыл гүліне
Бар, бөбегім, жүгіріп,
Қызықсын жұрт түріңе,
Қалма жолда кідіріп.
Көк ала қанат көбелек,
Әне гүлге байланды.
Қызықтырып сендерді –
Дөңгеленді, айналды.
Алақай-ау, алақай.
Қара, қара, балақай.
Құйрықтарын тістесіп
Ойнақтайды құлын-тай,
Ботақан мойнын иіріп.
Бұзау мұрнын шүйіріп.
Қошақандар коржаңдап,
Лақ секірген сүрініп.
Қызық, қызық, алақай,
Еркелеткен бәрін май.
Төбеде ұшып қалықтай,
Ән салады боз торғай.
Алақай-ау, алақай.
Келді күткен сұлу ай.
Мен бастайын жаз жырын,
Кел, бөбегім, қосылшы-ай!
*****
Жаз жайдары,алақай!
Жатыр жайнап даламыз.
Жүр, қанекей, балақай,
Шомылуға барамыз.
*****
Алақай-ау, алақай.
Келді күткен сұлу ай.
Мен бастайын жаз жырын,
Кел, бөбегім, қосылшы-ай!
Балақай-ау, балақай,
Жер құлпырып жаз келді.
Күн шығып,
Дала жасыл кілемге оранды.
*****
Көк көйлек, көк көбелек!
Көздері дөп-дөңгелек.
Гүл көрсе, күлімдейді,
Қолыма ілінбейді.
Көк шөптің арасынан
Түр-түсі білінбейді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі