Өлең, жыр, ақындар

Балапанға риясыз күлкі сыйлаған министр

Естеріңізде болса су тасқынынан зардап шеккен Мақтаарал ауданындағы су астында қалған 5 ауылдың тұрғындары эвакуациялық пунктерде жатқан болатын. Үкімет тарапынан арнайы көмек көрсетіліп, Түркістан облысы әкімдігі тұрғындарға жаңадан үй салуды бастап та кеткен. 
Ендігі кезекте 1210 оқушының жазғы демалыстарын ұйымдастыру үшін Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетов арнайы жедел топқа тапсырма беріп, жеткіншектерді еліміздегі оқу-сауықтыру лагерлерінде жазғы уақыттарын тиімді өткізуін тапсырған.

Алғашқы топпен 250 бала «Балдәурен-Қапшағай» демалыс лагеріне жеткен болса, келесі топтағы 200 бастауыш сынып оқушысы және оларға бас-көз болатын 15 мұғалім мен медбике Төлеби ауданындағы «Балдәурен-Түркістан» оқу-сауықтыру орталығына келіп жетті. 

Атап айтсақ, Х.Доспанова атындағы жалпы орта мектебінен 56 оқушы, Қ.Мүсірепов атындағы жалпы орта мектебінен 67 оқушы, Қ.Аманжолов атындағы жалпы орта мектебінен 40 оқушы, «Нұрлы жол» жалпы орта мектебінің 37 оқушысы 15 күн бойы лагерьде өмір сүреді. Балалар қосымша мұнда сабақ та оқитын болады. Бұл өз кезегінде мектеп жасындағы балалардың уақытын тиімді өткізіп, салауатты өмір салтын ұстануға үйрететін, жаңа достар табуға септігін тигізетін сапар болмақ. 

Бұйыртса жаңа баспанадағы жаңа өмірге жаңаша көзқараспен кіретін жеткіншектер – елінің саналы, білімді болашағы болады деп сенеміз.

Азамат Оспанов


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз