Өлеңдер Бөлімі

Маман болуға керек қадам

21 ғасыр сөзсіз техниканың жетілген дәуірі. Төркүл дүние төрінде сансыз ғажайыптар орнын алып жатқан кезең. Өкініштісі техника жетілген сайын адамдардың кәсиби маман болуы жолда қалып бара жатыр. Қазіргі таңда адамдарда жүрек қалауы деген түсінік ыңғайына қарай ауысқан. Яғни, жүрегінің талап ететініне емес, заманның нені талап ететініне қарай мамандық таңдайды. Осылайша, ол мамандықтың қыр-сырын меңгерместен, болмашы жерге жұмысқа ілігіп кету үшін бәрін құрдымға жібереді. Жұмысы оңай болсада қиын сынып тұрады. Неге?Өйткені, сол мамандықты әу баста жүрек қалауынсыз таңдады, енді біреудің қол астында жұмыс істеп жүрсе де өзіне абырой санайды. Егер өз қалауындағы мамандық таңдаған болса, тіпті мың жерден қиын жұмысты да емін-еркін атқарып жүретін еді. "Керек тастың ауырлығы жоқ ", -деп жайдары жүріп, жұмысын атқаратын еді Осыдан түйінетініміз маман болуға керек қадамдың алғашқы сатысы-жүрек қалауы. Бұл- қазіргі батыс ағымында тәрбиленіп келе жатқан жастардың ең негізгі проблемасы.

Балаң жастық кезінде танымдық, кәсиби қызығушылықтар қалыптасады. Өзінің болашағына айқын қарап, асау биіктерді армандайды. Тек өсе келе ол арманының ұшқыны ғана қалады . Бұл қызығушылығы жойылғаны емес, мүмкіншілікті іздеп қалу салдарынан. Мәселен 11сынып түлектерінің мамандық таңдауын сипаттап көрейікші:біреуі танысы бар оқуды, бірі  ата-таның үгіттеуімен, ал енді біреуі материалы жететініне қарай оқу таңдайды. Міне, осылайша жүрек қалауын мүнкіншілік аясына сарп етеді.

Ал, маман болуға керек қадамның екінші сатысы-сенімділік пен жанын салып еңбек ету. Адамдардың ең негізгі кемшілігі -сенімсіздік. Көп нәрсені сенімсіздіктен орта жолда қалдырып қояды. Биік белестерді бағындыра алатынына күмәнмен қарайды. "Жеңілесің сенімің жоғалғанда", -деген Ибрахим Исаевтың керемет сөзін еске алайықшы. Әрине, егер жарғақ құлағы жастыққа тимей еңбек етсе, міндетті түрде жемісін көреді. "Өзіңе сен, өзіңді алып шығар еңбегің ақылың екі жақтап" деген қағиданы ұмытпаса бенейті де зейнеті көп болатыны анық. Әсілі, "талант бар, таныс жоқ "деген әншейін сылтау сөз болмақ. Шын табысың болса, танысың да табылады. . .

Осы бір сатылардан кейін ең негізгісі-жауапкершілік. Нағыз маман болу үшін  әуелі өз мамандығының алдында жауапкершілікті сезіну міндет болып табылады. Егер ол өз ісіне тиянақты қарамаса, жоғарыда айтылған  адамдар секілді біреудің бұғауында ғана күйбең ісін жалғастырып жүре береді. Сол себепті, нағыз маман болу үшін барлық кертартпа мінездерді доғарып, мамандығыңның шыңы болатындай әрекет жасау керек.

Ахунбай Айғаным Саматқызы


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Қарап көріңіз

Пікірлер (5)

Томирис

Керемет!

Жулдыз

Өте керемет жазылған

Сейітхан Нурай

Адамдар мамандық таңдаған кезде өз өзіне сенімді болса ол барлығын да жеңіп шығады оқуында ойдағыдай айғақтайды

Аружан Жумадилова

Өте керемет жарайсын

Керемет

керемет

Пікір қалдырыңыз

×