Жиренше өзі бір жаққа жолаушы кеткенде осы қатыны өліпті. Жиренше барған жолынан қайтып келіп, әуелі Жәнібек ханға жолығып отырғанда Жәнібек хан есіттірген екен. Мынадай түрде естіртті:
— Әкесі өлсе қайтеді екен, шешенім?
— Асқар тауы құлады десейші.
— Шешесі өлсе қайтеді, шешенім? — депті.
— Ағар бұлағы суалған есепті болады да.
— Ағасы өлсе қайтеді екен, шешенім? — дегенде:
— Оң қанаты қайрылған есепті дағы.
— Інісі өлсе қайтеді екен, шешенім? — депті.
— Сол қанаты қайрылған есепті дағы, — депті.
— Апа-қарындасы өлсе қалай болады, шешенім? — дегенде:
— Ұзын өрісі қысқарған есепті дағы.
— Қатыны өлсе қайтеді, шешенім? — дегенде, қамшысын екі бүктеп, шалт жүгініп, қамшысына сүйеніп отыр екен.
Қамшының сабы шарт етіп сынып, үзіліп кетіпті.
— Қатын өлсе қамшының сабы сынған есепті болады да, — депті. — Қамшысының сабы сынғанда қатыны өлсе, жай майы бұзылды. Жай майы бұзылған есепті болды дейін деп отыр едім, — дегенде, Жәнібек хан:
— Шешенім, олай болса өзіңіз айтқандай, қамшыңыздың сабы сынғандай жұмысыңыз болды-ау! — деген. Осылай есіттірген екен дейді. Қайдан білейін қасында жоқпын, мүмкін естіген құлағымның жазығы жоқ деймін....
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі