І, ІІ тоқсанның оқу материалдары интернет платформаға енгізіліп қойды — министр

Басты бет / Білім, ғылым, мәдениет / І, ІІ тоқсанның оқу материалдары интернет платформаға енгізіліп қойды — министр

І, ІІ тоқсанның оқу материалдары интернет платформаға енгізіліп қойды — министр — Білім, ғылым, мәдениет тақырыбындағы материал. Мұнда тақырыпқа қатысты негізгі мазмұн, түсіндірмелер және пайдалы деректер берілген.

Қашықтан білім беру бойынша видео-сабақтарды түсіру, цифрлық білім беру ресурстарын дайындау жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде онлайн өткен брифингте ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.

«Интернет платформа туралы да мәселе бар. Интернет платформаны жетілдіру туралы педагогтарды, ата-аналардың ұсыныстарын тыңдадық. Қазіргі уақытта ІТ- компаниялармен келіссөз жүргізіліп, олар интернет платформаны жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр», — дейді Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

Оның айтуынша, жаңа оқу жылының бірінші, екінші тоқсаны бойынша оқу материалдары интернет платформаға енгізіліп қойды. Енді осы сабақтар ерекше қажеттілігі бар оқушылар үшін қолжетімді болуы үшін жұмыстар атқарылып жатыр.

«Біз қосымша сурдо-аудармамен қамтамасыз ету, шрифт көлемін ұлғайту туралы айттық. Бұл мәселелер біздің тарапымыздан ескерілді. Видео-сабақтарды түсіру, цифрлық білім беру ресурстарын дайындау жұмыстары жүргізілуде», — дейді ол.



WhatsApp Telegram

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас материалдар

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Білім, ғылым, мәдениет бойынша басқа мақалалар Қашықтан білім беру бойынша мақалалар қашықтан оқыту бойынша мақалалар видео-сабақтар бойынша мақалалар цифрлық білім беру бойынша мақалалар