Өлең, жыр, ақындар

Дарынды ұрпақты даярлайтын дара мекен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Өндірістік тәжірбие жетекшісі Есболова Мөлдір Ауелтаевнаның жетекшілігімен
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Философия және саясаттану факультеті
Мәдениеттану мамандығының 3-ші курс студенті
Хасиетова Жания Жарасқызы

Әл-Фараби орта ғасыр мен жаңа заманның, шығыс пен батыс мәдениетінің ортасында, екі уақыттың, екі аймақтың ерекшеліктерін, ілімін зерттеп, адамзат өркениетінің болашағын тереңнен тани білген ойшыл. Адамзат баласына өскен ортасынан, жүрген жерлерінен жиған білімін, дін ілімінен үйренген ғылымын ұсынып, сол арқылы болашақта ғылымның, технологияның күшімен қалыптасқан адамзаттың жаңа өркениетіне үлгі болатын, жаһандану заманында адамның болашағына қамқор болатын қайырымдылықтың үлгісін жасап кеткен.

Әл-Фараби ілімінде өз заманының ғана емес, бүгінгі уақыттағы адамзат қоғамының да картинасы бар. Қоғамда Бірінші Тұлға, яғни жаратылыс иесі туралы дұрыс діни білімнің болуы, мен меншілдік, эгоизм, бұның барлығын ойшыл өз заманында кеңінен талдаған. Адамзаттың екінші ұстазы атанған Әл-Фарабидің пайымдауынша мәдениеттіліктің күші мәмілеге келу. Мемлекет пен халықтың бір бағытта бір-бірін қолдап отыруы. Мәмілеге келудің  басты белгісі түсінік, түсіну, халық мемлекетті, мемлекеттің халықтың жағдайын түсінуі.

Әл-Фараби бабамыз саралап, даналап кеткен сара жолды, еліміздің ең үздік оқу орны жалғастырып келе жатыр. Оған дәлел ретінде  ғылым, білім беру және инновациялық өндіріс интеграциясы нәтижесінде, ҚазҰУ танымал әлемдік зерттеу университеттері қатарында. Университет жоғары технологиялар аумағын құрып, алдыңғы қатарлы технологиялық шешімдерді даярлау мен инновациялық өнімдерді өндіріске енгізу платформасына айналды. Осы бағыттағы ізденістер Оңтүстік Корея, Ресей және Қазақстанның ғылыми-жобалық ұйымдарын тарту арқылы жүзеге асырылып, «R&IID» инновациялық-өндірістік консорциумы құрылды. Бұған «Қазмырыш», «Қазақмыс», «Казхром» және «Үлбі метал­лургия зауыты» сияқ­ты ірі өнеркәсіптік кәсіпорындары қатысуда. Университетте құрылған ғылыми технологиялық парк, инновациялық процестер орталығы мен «Жа­сыл технологиялар» орталығы заманауи инженерлік және ғылымды қажет ететін технологиялардың кластерін қалыптастырып отыр. «ЭКСПО-2017» идеяларын жүзеге асыру мақсатында «Жасыл технологиялар» орталығы «жасыл энергетика» бойынша инновациялық жобаларды іске асырып, жаңа формация мамандарын даярлауда. Осының негізінде университет «Жасыл көпір ұрпақтан-ұрпаққа» атты халықаралық жобасын іске асыруда. Бұл жоба Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Жасыл көпір» бас­тамасын қолдау мақсатында ҚазҰУ тарапынан Бразилияда өткен RIO+20 халықаралық форумында ұсынылды және жан-жақты қолдау тапты. Қытай Ғылым академиясымен бірлесе отырып Жерді қашықтықтан зондтау орталы­ғы ашылды. ҚазҰУ посткеңестік елдер аумағындағы санаулы университет ішінен тарихта тұңғыш рет «Әл-Фараби-1» және «Әл-Фараби-2» алғашқы қазақстандық наноспутниктерін ғарышқа шығарды. Осының нәтижесінде университетте ғарыштық технология саласында қуатты кластер дамуда. ҚазҰУ «Жаңа Жібек жолы» университеттері Альянсының IT-технологиялар паркін ашу арқылы әлемдегі 130-дан астам университеттерді бірік­тірген ІТ-технологияларды дамыту­дың жаңа перспективасын жолға қойды. Оның негізін Елбасының тікелей қолдауымен Қытай Халық Республикасы үкіметтік гранты бойынша алынған ҚазҰУ-дың суперкомпьютері құрайтын болады. Әлемдік медициналық білім берудің көшбасшысы Оңтүстік Кореяның алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарымен әріптестік орната отырып, ҚазҰУ инновациялық медициналық-биоло­гиялық кластердің ғылыми-зерттеу­лер жүргізу, білім беру және клиникалық-диагностикалық базасын дайындады. Бұл істердің заңды жалғасы ретінде  елімізде көпбейінді университеттер тарихында алғаш рет медицина факультетін ашты. Мемлекет басшысының қолдауымен ҚазҰУ-дың сенімді басқаруына Алматы қаласының №1 емханасы берілді. Мұнда медициналық білім беру, ғылым мен тәжірибені толыққанды интеграциялау аясында жаңа технологияларды қолдану арқылы халықаралық талаптарға сай келетін жоғары сапалы медициналық қызметтер көрсетіледі. Жоғарыда аталған жаңашыл жоба­лар­дың барлығы университетте бірегей инновациялық-технологиялық платформасының негізін қалады.  Атап өтетін бір жайт, соңғы үш жылда ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың саны екі есеге өсті. Ғылымды қаржыландырудың жалпы сомасы 5 миллиард теңгеге жетті, оның 20%-ы шаруашылық келісімшарт бойынша жұмыс істейді. ҚазҰУ «Scopus» және «Web of Science» жетекші халық­аралық дерекқорларына кіретін ғылыми журналдардағы жарияланымдар саны бойынша Қазақстан жоғары оқу орындары арасында көш бастап отыр. Бүгінгі таңда қазақстандық авторлардың халық­аралық жоғары рейтингтік ғылыми журналдардағы әр бесінші басылымы ҚазҰУ ғалымдарының үлесіне тиесілі. Университеттің үш ғылыми журналы халықаралық ғылыми-өлшемдік деректер қорына енгізілген. Студенттер бойындағы кәсіпкерлік бастамаларды ояту мақсатында университет студенттерге өзіндік бизнес-идеяларын жүзеге асырып, start up компанияларды, студенттік бизнес-инкубаторларды жан-жақты дамытып отыр. Қазіргі уақытта университетте 14 студенттік бизнес-инкубатор бар, онда 80-нен астам студенттік инновациялық жобалар іске асырылуда. Жыл сайын студенттік ғылымды қолдау үшін ғылыми-зерттеулерге берілетін қаржының 10 пайызы бөлінеді. ҚазҰУ-да алғашқы қазақстандық постдокторантура бағдарламасының ашылуы – ғаламдық ғылым мен білім беру кеңістігінде бәсекеге қабілетті ғылыми мектептерді қалып­­тастырудағы маңызды қадам. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласының басты тұжырымдарын ұстаным тұтқан ұлттық университеттің маңызды міндеті – тек бәсекеге қабілетті кадрларды даярлау ғана емес, сонымен бірге еліміздің ертеңгі тұлғаларына айналар жас ұрпақтың рухани болмысын қалыптастыру. Әл-Фараби атап өткендей: «Тәрбиесіз берілген білім, адамзаттың қас жауы» деген ойдың негізінде студенттердің бойында білім мен тәрбие қатар ұштастырылуда. Сондықтан инновациялық-технологиялық платформамен қатар, «4.0 Университет» моделінің шеңберінде рухани-адамгершілік тәрбие беру ісі белсенді түрде дамуда. Университеттің жаңа корпоративтік идеологиясы мен серпінді әлеуметтік жобалары жаңа сапалы тәрбиенің тиімділігін қалыптастыруға бағытталған. ҚазҰУ-да «Саналы ұрпақ» жобасының кеңсесін, «Азаматтық бақылау» қоғамдық қабылдау бөлімін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми-зерттеу институтын біріктірген зерттеулер мен білім беру орталығы құрылды. Осы орталық жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда Қазақстандағы жетекші орынға айналды.  ҚазҰУ-да дарынды студенттерді жан-жақты түрде қолдауға ерекше мән беріліп келеді. Мысалы, соңғы үш жылда, университетке 350 миллионнан астам қаржыны құрайтын сырттан 1300 демеушілік шәкіртақы тартылды. Жыл сайын мыңнан астам әлеуметтік жағдайы төмен топтағы үздік оқыған студенттерге оқу ақысын төлеуде жеңілдіктер беріледі.  Алғашқы болып ашылған, әлемде теңдесі жоқ, бірегей «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығында студенттер кампустан шықпай-ақ, 500-ден астам білім беру, әлеуметтік, мәдени және демалыс қызметтерін пайдалана алады, соның ішінде алғашқы медициналық-сани­тарлық көмек және денсаулық диагностикасы да бар. Әл-Фараби атын­дағы Қазақ ұлттық университеті ғимараттарының инфрақұрылым көлемі соңғы 5 жылда 40% - ға өсті, оның көп бөлігі мемлекеттік-жекешелік әріптестік қағидаттарына сәйкес тұрғызылған. Бұл, атап айтқанда, жас ғалымдар үйі, «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығы, жүзу бассейні, жаңа кітапхана ғимараты, т.б. Биыл университетте мемлекеттік-жекешелік әріптестік әдісі­мен Қазақстандағы ең ірі, қазіргі заманға сай, ыңғайлы да жайлы 1287 орындық жатақхана құрылысы басталады. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында БҰҰ Өркениеттер альянсымен бірлесіп «Қайырымды қоғам азаматтарын қалыптастыру. Қазіргі заманғы университеттердің миссиясы» атты халықаралық жобасы қарқынды түрде жүзеге асырылуда. Әлемнің жетекші университеттерінде, Голландия, Түркия, Италия, Иордания, Қытай, Египет және басқа да шетелдік университеттерде ашылған ҚазҰУ-дың әл-Фараби ғылыми, білім беру орталықтары­ның саны осы уақытта 10-ға жетті. Бұл орталықтарда қазақ тілі мен мәдениеті, тарихы кеңінен оқытылуда және олардың негізінде университеттің филиалдарын ашу жұмыстары жүргізілуде. Бір негізде инновациялық-технологиялық және рухани-адамгершілік сипатта­ғы екі платформаның қатар енгізілуі өзінің синергиялық нәтижесін беруде. Оған дәлел ретінде университеттің QS халықаралық рейтингісінде қарқынды түрде алға жылжуын айтуға болады. Соңғы жылдары университет халық­аралық QS рейтингісінде 350 позицияға көтеріліп, бүгінде 220-орынға ие болып отыр. ҚазҰУ посткеңестік елдер аумағында М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінен кейінгі екінші орында тұр. Бұл жетіс­тік­ке халықаралық қоғамдастық «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ феномені» деген жоғары баға берді. «UI Green Metric Ranking of World Universities» жаһандық рейтингісінде ҚазҰУ 172-орын алып, үздік 200 экологиялық университеттері қатарында өз позициясын нығайта түсті. Сонымен қатар әлем мемлекеттері бойынша жүргізіліп жатқан беделді еуропалық «ARES» рейтингісінің мәліметтері бойынша ҚазҰУ АА позициясына ие болып, жетекші еуропалық жоғары оқу орындарының қатарына көтерілді.

Қазіргі кезеңде ҚазҰУ-дың басты мақсаты – Қазақстан Республикасы Президенті алға қойған әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіруге өз үлесін қосу және әлемнің ең үздік 200 университетінің санатына ену. Елбасы атап көрсеткен­дей, бүгінде уақыт талабына сай, университеттер адам капиталын қалыптас­тыру­дың субъектісі ретінде жаңғырту үдерістерінің және елдің инновациялық дамуының көш басында болуы тиіс. Осыған орай, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ еліміздің білім беру флагманы ретінде, жаңа буын университетінің – «4.0 Университет» моделін жасап, халықаралық қауымдастыққа ұсынып отыр. Бұл модель «Al Farabi Unirversity Smart City» тұжырымдамасы бойынша жүзеге асырылуда. Бұл жоба  ұлы ойшыл әл-Фараби идеялары негізінде жоғары технологиялық және рухани-адамгершілік платформаларының симбиозын құрайды. Кластерлік тұрғыдан кешенді құрылымдық модернизациялау және нәтижелерге негізделген басқару жүйелерін енгізу негізінде университеттің төрт маңызды миссиясын тиімді түрде жүзеге асыруға ықпал етті. Бұл – сапалы білім беруді, терең ғылыми-зерттеулер жүргізуді, жаңа инновацияларды өндіріске енгізуді және жоғары білімді-білікті мамандарды елін, адамзатты сүйген тұлғалар ретінде рухани-адамгершілік тәрбие арқылы қалыптастыруды  көздейді. ҚазҰУ БҰҰ-ның «Академиялық ықпал» бағдарламасының тұрақты даму жөніндегі ғаламдық хабын қатарынан үш мерзім басқаруда. БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб пәтерінде өткен Өркениеттер Альянсы форумында ҚазҰУ таныстырған «4.0 Университет» моделі әлемдік деңгейде кеңінен таратуға ұсынылды. Бұл жоба, сонымен қатар Израиль, Аустрия, Египет, Ресей, Беларусь сынды елдер арқылы халықаралық қоғамдастықта қолдау тапты. Қазіргі кезеңде шетелдік және қазақстандық жоғары оқу орындары ҚазҰУ-дың барлық бизнес-үдеріс­терін автоматтандыруға, кампустың инфрақұрылымын басқаруға арналған талдамалы жүйеде «Big Data» бұлтты технологияларды енгізуге негізделген цифр­лы университет моделін  қабыл­дауда. Университет жобасы «Майкро­софт» компаниясының тарапынан жоғары бағаланып, компания ҚазҰУ тәжірибесі туралы фильм түсіріп, өз сайттарына жариялады. Қазақстандық білім беру жүйесі үшін маңызды оқиға – Қазақстанның Ұлттық ашық білім беру платформасының іске қосылуы. Университеттің онлайн курстары қазақстандық және шетелдік оқу орындарының студенттері тарапынан үлкен сұранысқа ие болуда. Университет «4.0 индустриясына» мамандар даярлау мақсатындағы білім беру үдерісіне «Е-коммерция», «Big data», «Жасанды интеллект», «Заттар ғаламторы» сияқты жаңа оқу бағдарламалары  қосылды. Бүкіл посткеңестік елдер аумағында тұңғыш рет Астана халықаралық қаржы орталығы және Бенхалиф (Катар) университетімен бірлескен ҚазҰУ-дың Исламдық қаржы жөніндегі бағдарламасы жүзеге асырылуда. Әлемдік ірі жоғары технологиялық корпорациялар – «Hewlett-Packard», «Cisco», «Koniсa Minolta»,  «Samsung», «Alcatel», «Microsoft», «Huawei»  универ­ситеттің білім беру ісіне белсенді түрде атсалысып, өздерінің ғылыми-білім беру орталықтарын ашты. ҚазҰУ – білім берудің барлық деңгейлерінде ағылшын тілінде оқытуды алғашқы бо­лып бастап, бүгінгі таңда универси­тет мамандықтарының 70% -дан астамы ағылшын тілінде оқытылады. Осыған сәйкес ҚазҰУ-да еліміз бойынша ең көп шетелдік студенттер білім алуда. ҚазҰУ – әлемнің озық үлгідегі үздік университеттерімен 70-тен астам қос-дипломдық бағдарламаларды жүзеге асырды.

Қорыта келсек, әл-Фараби атындағы ұлттық универсиет БҰҰ жаһандық хабы «UNAI» және ЮНЕСКО-ның тұрақты даму бойынша Ортаазиялық аймақтық  хабын басқарудың жоғарғы құрметіне ие болды. Университет ғалымдары жоғарғы оқу орындарының тұрақты дамуының модельдік жоспарын дайындап, тұрақты даму көзқарасын  насихаттау және қоғамда уақыт талабына сай әлеуметтік жауапкершілікті күшейту саласында сан-қырлы жұмыстар жүргізілуде.

Педагогикалық тәлімгерлікті қайта жандандыру, мамандарды дайындауда құзырлылық әдісін жүзеге асыру, студенттік өзін-өзі басқарумен қатар, баяндалған пәрменді әлеуметтік жобалардың бәрі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың мықты рухани-адамгершілік және интеллектуалдық платформасын қалыптастыруға ықпал етті. Бұл платформа университеттің жаңа көзқарасының «өсу нүктесінің» негізіне айналды. Осылайша, ҚазҰУ-да қалыптастырылған екі платформа, «екі өсу нүктесі»-технологиялық және рухани адамгершілік концептілердің  симбиозына негізделген  «Al Farabi Unirversity Smart City» жобасының тірегі. Бұл модель қазіргі заманғы адамзаттың гуманистік қндылықтарын жоғалту және адамгершілік өзін-өзі құрту тенденцияларының сау және өркениетті альтернативасы болуы тиіс. Біздің қоғам үшін маңызды бұл істе  бірінші көмекші және тәлімгер-үйлесімді философиялық концепт құрған және сонау көне дәуірден бізге өзінің дана кенестері мен түсіндірмелерін жеткізіп тұрған әл-Фараби.

Шығыстың ұлы ойшылының әділеттілік пен адамшылық салтанат құрған қоғам туралы идеяларымен қазақ халқының бақытты өмірі және Қазақстанның тәуелсіз, гүлденген мемлекет ретінде  әлем картасында мәңгілік өмір сүруі туралы «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы үндес. Ақылды университтер-интелектуалдық ұлттың, еліміздің адами капиталының сапасын көтерудің кепілі. «Al Farabi Unirversity Smart City» модельін жүзеге асырып, өз тәжірбиемізді кең тарата отырып, біз дарынды ұрпақты даярлайтын дара мекен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің жалынды жастары, ұлт көшбасшысы  белгілеген мақсатқа – Қазақстанның әлемнің дамушы елдерінің қатарына қосылуына және елбасы Н.Ә. Назарбаев айтпақшы «Біз әл-Фараби аңсаған ізгілік қаласын салып, парасатты қоғам орнатудамыз».

Жоғарыда келтірілген мақсат-міндеттердің жүзеге асуы мен орындалуы тікелей заманауи жастардың қолында. Себебі ел болашағы мен еліміздің ертеңі бізге жүктелуде.                                                                                                       


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер