Өлең, жыр, ақындар

Болашақ педагогтар мен докторанттардың стипендиясы артады

Қазақстанда педагогикалық бағытта оқитын студенттер мен докторанттарға стипендия көлемі артады. Тиісті құжат Ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында жария талқыға ұсынылды.

Шәкіртақы сомасын көтеруге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 27 мамырдағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында берген тапсырмасы негіз болды.

«Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында даярлаудың педагогикалық бағыттарында оқитын студенттерге – 42000 теңге», - делінген құжатта.

Ал басқа мамандықтардағы студенттерге стипендия бұрынғы 26 186 теңге сомасында беріледі.

Мұнымен қоса, докторанттардың стипендиясы 150000 теңгеге жетеді. Қазіргі кезде оларға 102 498 теңге сомасында беріліп келеді.

Осы қаулы 2020 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.

Еске сала кетейік, биыл мамырда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев педагогика мамандықтарының стипендиясын 26 мың теңгеден 42 мың теңгеге арттыруды тапсырды.

Сонымен қатар Президент докторанттардың стипендиясын 150 мың теңгеге дейін көбейту қажеттігін айтқан еді.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар