Өлеңдер Бөлімі

Ескерткіштер сыр шертеді

Астана қаласының 10 жылдығында  жыр алыбы Жамбылдың  ескерткіші қаланың қақ ортасынан орын алуына да Серік Үмбетовтың қосқан үлесі зор. Осындай  ел мен жерге еңбек сіңірген  айтулы  тұлғалар ескерткіштері қазақтың  көне  тарихын  әлемге паш етіп тұр десе де болады.Жыр сүлейі Сүйінбай  Анкарада, Жамбыл баба  Белградта тұр.

«Менің пірім — Сүйінбай, сөз сөйлемен сыйынбай», — деп,  суырып салма ақындығымен, төкпе жыраулығымен «ХХ  ғасырдың Гомері» атанған  Жамбыл Жабаевтың  туғанына 170 жыл толды. Осындай мерейтой қарсаңында  Елбасының тапсырмасымен Сербия Республикасының Белград қаласында Жамбыл Жабаевтың бюсті орнатылды. Тағы бір қосарымыз, Украинада  жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың  еңселі ескерткіші  2012 жылы бой көтерген.    Санкт-Петербург қаласында Жамбыл атындағы көшеде де  ақын-жыраудың  ескерткіші    бар.Ал  Жамбыл жыраудың ұстазы, жыр сүлейі Сүйінбай Аронұлының ескерткіші Түркия мемлекетінің Анкара қаласындағы ақынның аллеясына тұрғызылып, 18 маусым күні ашылу салтанаты өтті. 

2010 жылдың маусымның 24-і. - Анкара қаласында ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджанов бастаған Қазақстанның ресми делегациясы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа орнатылған ескерткіштің ашылу салтанатына қатысты, деп хабарлайды.Екі мемлекеттің Әнұрандары шырқалуымен басталған салтанатты шараға Түркияның Ұлы Ұлттық Жиналысының Төрағасы Мехмет Әли Шахин, Анкара қаласының әкімі Мелих Гекчек және басқа ресми тұлғалар, қоғамдық ұйымдар мен зиялы қауымның өкілдері қатысты. Жастардың «Генчлик» атты орталық саябағында орналасқан Елбасы ескерткішінің жалпы биіктігі бес метрден (5 м. 10 см.) асады.Ал мүсіннің биіктігі - 2 метр 60 см. Мүсіннің авторы - Гюрсель Чаталтепе ханым. Түркия тарабы ескерткіштің ашылуында бұл құрмет Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың барлық түркі әлемі үшін атқарып келе жатқан ерен еңбегіне орай жасалып отырғанын мәлім етті. 2016 жылдың 21 тамызындаБелград қаласында Қазақстан және Сербия мемлекеттері Президенттерінің қатысуымен жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың ескерткіші салтанатты түрде ашылды. Анкарада жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығына арналған конференция өтті. Бұдан бөлек, Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған шара аясында көрнекті ақын Сүйінбай Аронұлына арнап Анкара төрінен ескерткіш мүсіннің ашылуы жоспарланған.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Қарап көріңіз

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

×