Өлеңдер Бөлімі

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ - Еліміздегі іргелі оқу орын

1934 жылдың 15 қаңтары Қазақстандағы тұңғыш көп салалы университеттің ресми ашылған күні болып саналады. Сол күні алғашқы студенттерді қабылдап, оқытушы-профессорлар құрамы туралы бұйрыққа қол қойылды.

Университет құрамында 16 факультет, 67 кафедра, 32 ғылыми-зерттеу институты мен орталықтар, технопарк қызмет атқарады: 2000-нан астам профессор, докторлар, ғылым кандидаттары мен философия докторлары, 100-ден астам академиялардың академиктері, 30-ға жақын Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген қайраткерлері, 30-дан астам Қазақстан Республикасының мемлекеттік және атаулы сыйлығының лауреаттары, сондай-ақ 40 жас ғалымдар сыйлығының лауреаттары мен 45 мемлекеттік ғылыми стипендиялардың стипендианттары еңбек етеді. Университетте 25 мыңнан астам студент пен көпсалалы жоғары кәсіби білім жүйесі бойынша магистранттар білім алуда. Сондай-ақ заманауи халықаралық білім бағдарламаларын жүзеге асыру бойынша әлемнің ең ірі 400-ден аса халықаралық жоғарғы оқу орнымен ынтымақтастық орнатқан.

Мен Амзеев Нұрдаулет Махсатович 2016 жылы өз қалауым бойынша Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіне "5В061100  - Физика және Астрономия" мамандығына оқуға түстім. Бірінші күннен бастап оқу процесі қызыққа толы болды. Мені 3 курс кезімде университет өз қаржысына Украина еліне оқуға жіберіп, маған көп тәжірибе жинауға мүмкіндік берді. Тәжірибе барысында ағылшын тілін тереңірек меңгерумен бірге болашақта педагогикалық қабілетімізді арттырып, сабақ барысын қалай қызықты өткізуге болатынын үйрендік. Қазіргі уақытта Физика техникалық факультеттің "7М05304 – Техникалық физика" мамандығы бойынша магистратура бөлімінде білім алып жатырмын.

Қорытындылай келе, шет тілін үйрену - бұл сәнге немесе қандай да бір стереотипке деген құрмет емес, сонымен бірге жалпыға бірдей жаһандану жағдайында дамып келе жатқан қазіргі қоғамда маңызды болып табылатын білім алу процесі. Сол себепті осындай терең білім берген ҚазҰУ-ға деген менің алғысым шексіз.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Қарап көріңіз

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

×