Өлеңдер Бөлімі

Қорғаусыз қалған әйелдер...

Қазақ халқында атам заманнан бері әйел адамға аса құрметпен, мәртебемен қарап, «Қыз бала - тілекші», «Қыз баланың орны - төр» деп қыз баланы ерекше қадірлеген. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің өзі «Әйел - әр шаңырақтың шамшырағы, әр отбасының нұр-шуағы, демек, мемлекеттің құт-берекесі» деп әйелдер қауымының адамзат қоғамындағы мән-маңызын өте жоғары бағалайды.

Бірақ іс жүзінде зорлыққа, өз жұбайыларынан соққыға жығылған әйелдер мен қыздардың өздері халық көзінде кінәлі, ал заң жүзінде қорғаусыз қалады. Сөздің әдемілігі сонда, көбіне шын өмірмен сәйкес келмеуі. Әйел затына қанша өлең-жырлар арнап, аспаннан жұлдыз уәде еткен ерлер қазіргі таңда әйелдерге қарсы жасайтын опасыздығы, жазасыз қалған қылмысы туралы есту жаныма ауыр тиеді. Қашаннан бері әйел- қыздарды нәзік, әлсіз ретінде көретін болған?! Ғасырлар бойына Томирис, Бопай ханша, Айтолқын, Айбике, Есенбике, Әлия, Маншүк, Хиуаз атты батыр қыздары ерлерден қалмай, теңбе тең жауға шыққаны көпшілік есінде өкінішке орай ұмытылады.

“Құрметпен” қараған қазақ халқым, елім неліктен өздерінің қыздарын заң, Конституция аясында қорғап, қылмыскер жазасын артқызбайды? Тұрмыстық зорлық зомбылықты декриминализациялау үкіметті бұл социалды мәселеден аулақ ұстау айласы ма?

2019 жылғы статистика бойынша, Қазақстанда жылына 400 әйел тұрмыстық зорлық-зомбылық кесірінен қаза табады. Ал әрбір 5,5 сағат сайын Қазақстанда  бір әйел зорлауға ұшырайды.(Статистика @femagora инстаграм парақшасынан алынды)


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Қарап көріңіз

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

×