Өлеңдер Бөлімі

Қазіргі жастар неге кітап оқымайды?

«Егер бір адам кітап оқымаса, бұл оның өз қасіреті, ал миллиондаған адамдар кітап оқымаса, тұтас бір ұлттың қасіреті»

Қазіргі таңда байқайтын болсақ  жастар кітап оқымайды деген қасаң пікірді аға буыннан жиі естиміз.Оған не себеп? Осы тұста психолог мамандарынан және жолдастарымнан сұхбат алдым. Көп жағдайда көбісі ақпараттық технологияларының дамуын айтады.Себебі қазір заман талабына сай  кез келген салада ақпарат алу қиынға соқпайды. Қазір, тіпті кітапты интернеттен оқуға мүмкіндік бар. Мысалы,Қазақстанның ашық кітапханасы,Әдебиет порталы сияқты көптеген ғаламтор кітапханасы десекте артық болмайды. Ал қазір кітаптың өлгеніме? Немесе заман талабы сондай ма? Осы тұста көптеген сан пікір жинадым.  Өзім оқыған мектептегі қазақ әдебиеті пәні мұғалімінің пікірінше: «Кітап-асыл қазына, білімнің кəусəр бұлағы! Барлық тіршілік атаулы дүниенің сұрақ-жауаптары кітапта екеніне қазіргі жастардың көпшілігі мойынұсынып, жауапкершілік міндетке жүгінгісі келмейді. Ол дегеніңіз өз бетінше ізденуден, зерттеушіліктен  алшақтық бейнесін көрсету деп білемін. "Дайын асқа-тік қасық" дегендей түрлі гаджеттер арқылы материал көшірмесін ала салады, даярға маяр болып, ол дегенің ойлау қабілетінің төмендеуіне əкеліп соғады психологиялық тұрғыда! Кемінде ай сайын бір жеңіл-желпі шығарманы оқып үйренуге əдеттенген адам-ең бай адам! Кітапханалардағы кітап қорында іздегеннің бəрі бар, соны алып оқитындар қатары өкінішке орай, тым аз! Жаһандық даму белгісіндегі түрлі желімен байланысамыз да, өзіндік шығармашылық іздері-соның көлеңкесінде қалып жатыр! Кітаппен дос болу- өмір қажеттілігі! Деген ой пікірін қалдырды».

Расында кітапты оқымағанан кейін көптеген жастардың  сөз қоры аз, сөйлеу мәнері төмен. Бірақ белсенді жас жолдасымнан сұхбат алғанда ол мынандай пікір білдірді : «Қазіргі кезде кітап оқымайтын басты себеп: ол әлеуметтік желілер. Яғни жастардың уақыт үнемдегісі келеді, осы тұста кітапты оқитын жастар өте аз. Кітап мүлдем оқимайды деген пікірде айтып тұрған жоқпын,бірақ кітап оқысада қазіргі кездегі қиял әлеміне кеткен жанрда көп оқиды».

Психолог мамандарының пікірінше қазіргі жастар бұрынғы кезбен салыстыруға келмейді деген ойда, себебі олардың ойлау қабілеті заман талабына сай болып келеді. Бірақ осы дұрыс па немесе бұрыс па осы тұста өз пікірімді айтқым келеді. Қазіргі жастар кітап аз оқиды деген пікір көп бірақ жастар деген де біз қандай көлемде алып тұрмыз? Мысалға алатын болсақ көп жағдайда ауылдың баласының сауаты, ойлау қабілеті, сөз қоры, күнделікті қалада тұратын жастардан әлде қайда кеңірек.

Тағы айтып кететін мәселе ол шетелде, мысалы қызықты кітапты оқу үшін міндетті түрде сатып алудың қажеті жоқ, керісінше кітапханаға барып  оқыса болады. Әрине бізде кітапханалар бар, дегенмен оның ауқымы төмен, ал төлем бағасы тым қымбат . Әрине осындай дүниелерді салыстырып отыратын болсақ интернеттен оқыған абзал деген ой туындайды .

Осы тұста inform.kz сайтында өз пікірін қалдырған  Ұлмекен Сатымқызы, психология ғылымдарының кандидаты, БжҒМ-нің доценті, ҚазПУ-дың білім беру психологиясы және әлеуметтік коммуникация кафедрасының меңгерушісі: - «Бүгінгі жастардың кітап оқуға құмарлығы төмен екендігі күмән тудырмайды. Жаһандану заманында бұқаралық ақпараттар ағымы толассыз ағылуда. Бұл мәселені бір жақты қарауға болмайды. Бүгінгі жастардың психологиясы бұрынғыдан мүлдем өзгеше. Экономиканың үлкен қарқынмен дамуы әр адамның өзін-өзі материалдық жағынан қамтамасыз ету қажеттілігін тудырады. Адамның материалдық жағдайды ойлауы бірінші орынға шығып, оның рухани байлықты игеруге деген ынтасы кеміді. Ата-анада баласын ішсін, жесін, мәртебесі биік болса деп тәрбиелейді. Яғни батыстың индивидуалды психологиясы әрбір жастың бойына сіңеді. Қазір ақпаратты тек кітаптан ғана емес, ғаламтор көздерінен, бұқаралық ақпарат құралдарынын-ақ алуға болады. Бүгінгі баланың қолында I Pud, Planshet,I Phone және тағы басқа электрондық құралдар өте көп. Мұның өзі кітап оқу үрдісін алмастыра алады, бірақ бұл баланың қоғамда әлеуметтенуіне кері әсерін тигізеді. Сондықтан қазір ұжымдастырудан гөрі индивидуализация психологиясы басым. Бұл заман ағымы және өмірлік талап, адам санасы қоғамдағы болып жатқан өзгерістермен тығыз байланысты. Толассыз келіп жатқан ақпараттардың сана өрісінен өтуі екіталай. Бірақ XX ғасырда жастар кітапты қолдан-қолға тигізбей оқыған болса, ХXI ғасыр жастарының классик жазушылардың кітаптарынан тәрбиелік және рухани байлықты алу жағы жеткіліксіздеу. Дегенмен, қазіргі жастарды кітап оқуға баулу керек деп ойлаймын. Ол отбасында мектепте, жоғары оқу орындарында үрдіске айналуы керек. Мәдениетті адам болуы үшін бірнеше тілді игеру әрі рухани байлық кітапты дәстүрлі оқи алатындай болуы керек».

Ақын Иосиф Бродский: «Егер бір адам кітап оқымаса, бұл оның өз қасіреті, ал миллиондаған адамдар кітап оқымаса, тұтас бір ұлттың қасіреті», — деген екен. Ал қазір біз ұрпаққа түкке тұрмайтын кітаптарды оқытсақ ондан біз не ұтамыз, керісінше ұтыламыз Шекспир айтпақшы «Кітап маған тақтан да  артық» Менің ойымша келешекте жас ұрпақты тәрбиелейтін ол кітап. Сондықтан керек емес нәрселерге еріп, кітаптың қадірін түсірмейік.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Қарап көріңіз

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

×