Өлең, жыр, ақындар

Тарихы терең Түркістан!

Әлемге әйгілі Еуропа мен Азияны жалғаған Ұлы Жібек жолының торабында орналасқан бүкіл Орталық Азиядағы ең көне, әсем әрі көрікті қалалардың бірі - Түркістан қаласы. Тарихы терең бұл қала кезінде қазақ халқының орталығы рөлін атқарғаны да баршаға мәлім. Тарихы бай, тағылымы терең Түркістан қаласының бүгінгі жастар үшін де орны бөлек. Түркістан – еліміздің рухани жүрегі, қазақтың атақты тұлғалары мәңгіге жай тапқан қасиетті қала. Осында жерленген 164 әйгілі тұлғаның 21-і ел басқарған тұлғалар, 30-дан астамы қол бастаған батырлар мен сөз бастаған билер екені баршаға мәлім. «Түркістан тарихы – күллі қазақтың тарихы», – деген Елбасы Н.Назарбаев көне шаһар орны айрықша екендігін атап көрсетті. Түркістан қаласы облыс орталығы мәртебесіне ие болған 2018 жылдың 19 маусым күні халқымыздың жадында қалған ерекше күн болғанын атап өткен жөн. Қазіргі күні қаламызда жаңа ғимараттар бой көтеріп көркейіп, тың бастамалар қолға алынып, ауқымды жобалар іске асырылып жатқанын мақтанышпен айта аламыз. Ал 2018 жылы жыл сайын аталып өтетін қала күні мерекесіне: Түркия, Үндістан, Өзбекстан, Иран, Болгария, Ресей т.б. елдерден келген әдебиетші қауымның рухани басқосуы болып өтті. Аталған іс-шарада Түркістан қаласының гүлденуіне үлестерін қосқан азаматтар марапатталды. Түркістан қаласы еліміздің дербес облысы ретінде өркендеп, шаһар жаңаруда. Биылғы жылы қаланың «Оқушылар сарайы» ғимаратының алдына ұлы Абайдың ескерткіші, ал «Облыстық драма театры» ғимаратының алдына әлемнің екінші ұстазы атанған Әл-Фарабидің ескерткіші қойылды.

Соңғы жылдары Түркістан қаласының демографиялық жағдайы жақсарып, экономикасы біршама өсіп, халықтың әлеуметтік жағдайы түзелгені байқалады. Жаһандық туристерді көптеп тарту арқылы Түркістан қаласын туризм орталығына айналдырып, бүкіл әлемге дамыту көзделуде. Сонымен қатар еліміздің рухани астанасында көптеген жалынды жастар сапалы білім алуда. Бүгінде Түркістан қаласы - бүкіл түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы болып табылады. Өркениеті мен салт-дәстүрін берік сақтаған бұл шаһардың келешек ұрпаққа берері де мол. Біз Түркістанмен мақтанамыз!

У.М.Джолдыбаева  Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Қазақстан тарихы кафедрасының доценті

Ә. Мубәшірхан Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің География және табиғатты пайдалану факультетінің 1-курс студенті


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (8)

Шыңғысхан

Асел, мына мақалаң керемет, жарайсың

Түркістан жайлы керемет түсіндіріпсің

?

Керемет

Айдана

әдеби тілде жазылған екен күшті

Myrza

Керемет

Айдана

тағы да мақалаларын жарыққа шыға берсін !Керемет

Айдана

күштіііііі

Айдар

Өте керемет жазылған Жарайсың!

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз