Қай ұлтта болмасын, Тіл - қастерлі, қасиеттіұғым екені белгілі. Ол әр азаматтың бойында ана сүтімен дариды. Осындай тіл секілді асыл, дара, баға жетпес байлықты көзіміздің қарашығындай қорғауымыз қажет. Тіл байлығы қазақ халқына сонау ерте заманнан ата-баба мұрасы ретінде ұрпақтан-ұрпаққа берілетін қасиетті құрал екені белгілі. Ана тіліміздің құндылығын тек өз еліміздің азаматтары ғана арттырары сөзсіз. ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауында: «Ұлттық тіл – қазақ ұлтының рухани мәдени байлығын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші қасиетті құрал», - деп атап көрсеткен болатын.
Әлемде қаншама ұлттар мен, нәсілдер болса, оларды бір-бірінен ерекшелендіріп, дараландырып тұратын басты бойтұмары – туған тілі екені де белгілі. Қазақтың біртуар ұлы, талантты композитор А. Жұбанов «Әр халықтың ана тілі - білімнің кілті», – деп тілдің адамзат өміріндегі маңызын атап өтті. Ана тілінің құдыреті жайында ойшыл-ғұламалар мен ақын жазушыларымыз, ақылшы-даналарымыз құнды пікірлер қалдырды. «Бес ғасыр жырлайды», «Жеті ғасыр жырлайды», «Бабалар сөзі» жинақтарының жарыққа шығуы - қазақ тілінің аясының кеңейіп кең көлемде қолданылуына зор ықпал етуде. Бүгінде келешекке кемел біліммен қадам басып, әлемдік білім кеңістігінің құпияларына үңіліп, қоғамға бейім, өз қабілетін таныта алатын, жан-жақты дамыған, бірнеше тілдерді меңгерген, құзыретті тұлғаны қалыптастыру басты мақсаттардың бірі екені баршаға аян.
Қазіргі таңда үштілділік - бәсекеге қабілетті елдер қатарына апарар басты баспалдақтардың бірі. Үш тілде оқыту – заман талабы. «Үштұғырлы тіл» идеясын іске асыру балабақшадан басталғаны абзал. Бұл - бәсекеге қаблетті тұлғаны даярлауға, жас ұрпақтың жан-жақты эрудициясын дамытуға ықпал етері сөзсіз. Сондықтан да, Елбасы: «Қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі», - деп атап көрсетті. Бүгінгі саналы ұрпақ бұл үдерістен тыс қалмай, үштілділіктің маңызын түсіне біліп, білім кеңістігінен алары мол деп сенеміз. Келек ұрпақ өзге тілдің бәрін біліп, өз тілің құрметтеуі тиіс. Қазақстанның дамыған елдер қатарында алдыңғы орынға шығып, өзге елдермен терезесі тең, бәсекеге қабілетті ел болуы да жастардың еншісінде. Үш тілді жетік меңгерген жас маманның бағындырар шыңы биік.
А.Ә.Бақытжановна Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің 1курс студенті.
У.М.Джолдыбаева Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Қазақстан тарихы кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі