Өлең, жыр, ақындар

Тасмола мәдениеті кезеңделуі мен мерзімделу мәселесі

Кеңесов Әкежан Бақытұлы

Археология және этнология мамандығының 2-курс магистранты

Жетекшісі т.ғ.к., доцент– Ғ.Қ.Омаров

Біздің пікірмізше жерлеу ескерткіштерінде орын алған көптеген өзгерістерді миграциямен түсіндіруден бөлек өзгерістерді тәпсірлеудің баламалық жолдарын іздеу тиімді болады. Жерлеу ескерткіштерінің сипаттарының өзгеруі өзінің табиғаты бойынша сырттан таңылатын қасиетке жатпайды. Жерлеу ескерткіштері өзінің мазмұндық қасиеті бойынша ескілік дәстүрді сақтаушы рольге ие. Сондықтан, оның сырттан келген келімсектердің қағидаларына негізделе отырып салынған деуге еш негіз жоқ.

Сарыарқаның сақ археологиясының тарихнамасында қалыптасқан мәселенің миграциялық түсіндірмесінен бөлек жерлеу ескерткіштерінің өзгеруінің тағы бір шешу жолын ұсынамыз. Ол б.з.д. 1 мыңжылдықтың басында орын алған күрделі қоғамдық, әлеуметтік және шаруашылық өзгерістер тайпалардың діни наным-сенімдер жүйесіне тікелей әсерін тигізген. Бұл археологиялық деректер бойынша сенімді дәлелдене алмайтын құбылыс. Ол өзгерістер негізінен адамды жерлеу ғұрпында көрініс тапқан. Ал, обалардың сыртқы пішімі болмаса, оның ішкі мазмұны толықтай беғазылық кесенелердің сипатын қайталайды. Үлкен үйінділі обалардағы дромосты жерлеулер, тастан жасалған қабір шұңқырының болуы немесе көне жер бетінде жерленуі және т.б. ерекшеліктер бұл қорғандарды беғазылық субстраттың болғандығына меңзейді. Жалпы, ертесақ кезеңінің жерлеу ескерткіштерінің қалыптасу мәселесі ортақ беғазылық, доңғалдық субстрат негізінде жүргізілуі болашақта маңызы зор болмақ. Ал, жерлеу ғұрпының өзгеруін діни наным-сенімдер жүйесінің ауысуымен байланыстыру мәселенің толықтай шешуге мүдделі еместігін айта кеткен жөн. Тасмола мәдениетінің шығыс өлкелерінде, негізінен, Қарқаралы жерінде, ашылып отырған қоныстық нысандардың саны қазір 50-ден асты. Бұлардың дені соңғы 20 жылдағы далалық ізденістер барысында ашылды. 10-нан астам қоныста түрлі деңгейдегі қазбалар салынды. Қоныстардың топографиясы мен жер планиграфиясы, құрылыс салу техникасы, қазба материалдарының нәтижелері, т.б. ерекшеліктері жайлы пікірлер біршама басылымдарда айтылды. Осыған дейін сөз болған мәселелерді түгел қайталаудың қажеті жоқ екенін ескеріліп, солардың кейбіріне сілтеме жасалады [16; 7-12].

Қоныстардың мерзімдік уақыты қазіргі деректер негізінде б.д.д. VII-V ғ. аралығымен белгіленді. Орталық Қазақстан тасмола тайпаларының жерлеу орындарының VIII ғ. басталатыны қазір нақтыланды [7], бірақ, қоныстардың ең ерте бейнесі дәл қазір анық емес. Негізінен біркелкілікпен бір уақытта көбейіп шыға келген қоныстар, мерзімдік тұрғыдан, бір-бірінен алшақ емес секілді. Сонымен қатар, әлдебір стандартқа бірігу сипатын ескерсек, бұлар осы қауымдық тайпалардың ең ерте мекендері емес сияқты.

 К.Ақышев пен М.Хабдулина зерттеген Сілетідегі (Ақмола) қоныстардың бірінен ертесақ кезңіне, нақты айтқанда, б.д.д. VII-VI ғ. жататын шыбықты қола жебе табылды [4]. Керегетас-2 қонысынан табылып отырған ат қола тоға да тура осы датаны беретін табылымға жатады. Таулы Алтай қоныстары материалдарымен салыстырыла отырып мерзімделетін қыш кешені кеңірек алғанда б.д.д. VII-V ғ. аралығын көрсетеді [10;14]. Аталып отырған датаны көміртегілік әдіс негізінде алынған нәтижелер де жоққа шығармады [6]. Қыш кешені айтарлықтай біркелкілікке ие дей аламыз, бұл болса оны бір мәдени сипаттағы жеке топ ретінде қарастыруға негіз берді. Орталық Қазақстанның шығыс аудандарындағы сақ қоныстарының қыш кешеніне  тік бүйірлі немесе мойыны әлсіз шығарылған көзелер мен сирек ұшырасатын аласа аяқтар кіреді. Ою сирек, оның негізгі түрлері – таяқшамен салынган шұңқыршалар мен іштен басылған маржандар. Ыдыс түгелімен жайпақ түпті. Қосымша функционалды элементтерге овал пішіндес құлақтар, көлденең, тігінен жапсырылған қолдықтар сондай-ақ, шүмектер жатады. Көптеп табылып отырған бұйымдар – тас құралдар. Мұнда біршама қызығушылықты туғызып отырған категорияларды атасақ, бұл кетпендер мен дәнүккіш, куранттар. Бұл құралдардың саны көп болғанда, бір қоныстан ондап шығатын деңгейде [4].

Кетпендер де, дәнүккіштер де Орталық Қазақстан аймағында қоныс қана емес, обалардың үйіндісінен де жиі кездеседі. Бұл фактының маңызы үлкен, ол аталып отырған екі категориядағы нысандардың синхрондығын ғана емес, бір мәдени ортада екендігін де айғақтайды. Орталық Қазақстан сақ дәуірі қоныстарының тұғындары мал ұстаумен қатар қоныс төңірегінде егін еккен. 15 жылдық пайымдаулар осы пікірге әкелді, бірақ, бұл нақтылануы қажет. Ең алдымен, заманауи тәсілдермен нақтылануы қажет. Мұнда қоныс қабатынан өсімдік қалдықтарын екшеу сараптамасының маңызы зор болмақ. Пікір толығымен расталатын жағдайда мұндай егіншілікті кейінгі тұрмыстағы жатақтар шаруашылығымен салыстыруға болады. Қырдағылар «шала мүжілген сүйек лақтырып» қорлап кетіп қана отырмай, жиі жағдайда «белбеуіне ұн түюге» де келетін жатақтар көшпелі қазақ тұрмысының тұрақты бір көрінісі болғандығы жақсы белгілі. Шамасы, жатақ шаруашылығы бертінгі көрініс емес, керісінше, мыңдаған жылдар бұрын қалыптасқан, көшпеліліктің өзімен бірге дүниеге келген үрдіс болса керек. Мысалы, 2018 жылғы Абылай қонысындағы қазбаның материалдары Абылай қонысын зерттеудің ерекше өзектілігін көрсетіп берді. Орталық Қазақстанның Тасмола мәдениетінің қоныстарын зерттеу тарихында ең алғаш рет осы қоныста мәдени қабатты су флотациясы арқылы сүзу әдісі қолданылған болатын. Бұл 2017 ж. жүзеге асырылған еді. Алынған топырақ сүзбесіне сол жылы Тюмень ғылыми орталығында (Тюмень, Ресей) карпологиялық сараптамалар жасалды. Осының нәтижесінде Абылай қонысының мәдени қабатында тары мен арпа дәндерінің бар екендігі анықталды. Осы бойынша ол дәндердің Тасмола мәдениетінің бастапқы кезеңіне тән екендігін көрсетті. Оған қоса, қоныстан алынған сүйек бойынша 2017 жылы Герцен атындағы Ресей педагогикалық университетінің (Санкт-Петербург, Ресей) зертханасында жасалған радиокөміртектің анализдер шамамен б.з.д. X ғасыр кезеңін көрсетті. Бұл Орталық Қазақстандағы Тасмола мәдениетінің қоныстары үшін тым ерте уақыт. Осы дәуірге жататын басқа қоныстардың ең ерте хронологиялық шекарасы б.з.д. VIII–VII ғасырлармен шектеледі.

Тұрғынжайлар мен шаруашылық құрылыстарының салыну ерекшеліктері,сонымен қатар, қыш материалдары, тас құралдары бойынша Абылай қонысы Тасмола мәдениетінің ескерткіші қатарына жатқызылады. Бұған еш күмән жоқ. Сондықтан, тағы бір қиын да қызықты мәселе, яғни, осы ескерткіштің нақты датасын анықтау қажеттілігі туындады. Аталған ескерткіштің жалпы өзектілігінен бөлек, оны зерттеуді жалғастыруға деген орындаушылар мақсаты бұндай сақ қоныстарын зерттеуде орын алып отырған тағы бір оңай емес мәселемен де байланысты. Себебі, осы уақытқа дейін Орталық Қазақстанның қоныстарына жасалған қазбалардың барлығы ішінара, шағын сипатта болып келуде. Бір де бір қоныс әлі толықтай қазылған жоқ. Орталық Қазақстаннан алынған бір топ материалдар изотоптық сараптамадан өткізіліп жатқан Ұлыбританиялық Белфаст қаласынан жуырда алғашқы нәтижелер келе бастады. Талды-2, Қарашоқы қорымдарынан алынған адам сүйектері үлгілері ол адамдардың рационында тары дақылы болғандығын көрсеткен. Демек, - нағыз қорытындылар алдымызда [9].Орталық Қазақстанның шығыс аудандарында орналасқан сақ қоныстарының таралуы да, қоныстардың жобалануы да, ондағы үй-жай, қоралардың салыну ерекшеліктері де экологиялық жағдаймен тығыз байланысты екені байқалып отыр Қоныстар тау-төбелердің жүйесінде орналасқан, көбіне беткейлердегі алаңқайларда. Қазақ қыстауларымен салыстыруға тамаша мүмкіндік беріп отырған нысандары автор сол сақ заманындағы қыстық орындар, яғни, сақ қыстаулары деп қарастыруда. Қоныстардың мәдени қабаты жұқа, бұл олардың әлдебір көп уақыт аралығында емес, қысқа уақыттарда қоныстанып отырғандығын көрсетеді. Орналасу ерекшелігі қар аз түсетін немесе кетіп қалып отыратын беткейлерді белгілейді,  - бұл көбіне шығыс, оңтүстік-шығыс беткейлер. Қоныстардың ауданы шағын. Белгілі болып отырған 50-ден астам қоныстың дені бар-жоғы бірнеше құрылыстан тұрады. Бұл мұндай қоныстарды шағын қауымдар мекендегенін нақты дәлелдейді.Қоныстардағы құрылыстар тастан салынған. Қабырғасы тым қалың құрылыстар оларды тұрғын үйлер деп ажыратуға мүмкіндік берді. Едірей-1, Едірей-3, Тағыбайбұлақ қоныстарындағы тұрғын үйлердің қабырғасының қалыңдығы 1 м-ден асқан деп саналып отыр. Ұзындығы шамамен  10-15 м, ені 8-10 м болатын үйлердің сыртқы қабырғалары өте қалың болғандықтан, олардың ішкі ауданы кішірейе түседі. Бұндай үйлердің ішінен ұзын қабырға өтіп, ішкі кеңістік тұрқы ұзынша келген, бірақ енсіз бөлмелерге бөлінген. Оларды енсіз қылудың айрықша мәні болғандығы байқалды – атап айтқанда, мұның мәні ұзындау болғанымен, ені тарлау кеңістікті жабудың ыңғайлы екендігінде болып шықты. Баспананы неғұрлым жылу қылу мақсатында салынатын күл, топырақ төбе жабынын неғұрлым ауырлатады, сондықтан жабылатын кеңістіктің шағын болуы шарт Зерттей келе, аталмыш өлкедегі сақ қоныстарындағы тұрғын үйлер қалың қабырғалы, жатаған, дөрекілеу пошымдағы, яғни, кейінгі қазақ қыстауларына біршама жақын сипаттағы құрылыстар болған деп пайымдалып отыр (талқылау деректерін толығырақ қ. [7].

Біздің пікірмізше жерлеу ескерткіштерінде орын алған көптеген өзгерістерді миграциямен түсіндіруден бөлек өзгерістерді тәпсірлеудің баламалық жолдарын іздеу тиімді болады. Жерлеу ескерткіштерінің сипаттарының өзгеруі өзінің табиғаты бойынша сырттан таңылатын қасиетке жатпайды. Жерлеу ескерткіштері өзінің мазмұндық қасиеті бойынша ескілік дәстүрді сақтаушы рольге ие. Сондықтан, оның сырттан келген келімсектердің қағидаларына негізделе отырып салынған деуге еш негіз жоқ. Сарыарқаның сақ археологиясының тарихнамасында қалыптасқан мәселенің миграциялық түсіндірмесінен бөлек жерлеу ескерткіштерінің өзгеруінің тағы бір шешу жолын ұсынамыз. Ол б.з.д. 1 мыңжылдықтың басында орын алған күрделі қоғамдық, әлеуметтік және шаруашылық өзгерістер тайпалардың діни наным-сенімдер жүйесіне тікелей әсерін тигізген. Бұл археологиялық деректер бойынша сенімді дәлелдене алмайтын құбылыс. Ол өзгерістер негізінен адамды жерлеу ғұрпында көрініс тапқан. Ал, обалардың сыртқы пішімі болмаса, оның ішкі мазмұны толықтай беғазылық кесенелердің сипатын қайталайды. Үлкен үйінділі обалардағы дромосты жерлеулер, тастан жасалған қабір шұңқырының болуы немесе көне жер бетінде жерленуі және т.б. ерекшеліктер бұл қорғандарды беғазылық субстраттың болғандығына меңзейді. Жалпы, ертесақ кезеңінің жерлеу ескерткіштерінің қалыптасу мәселесі ортақ беғазылық, доңғалдық субстрат негізінде жүргізілуі болашақта маңызы зор болмақ. Ал, жерлеу ғұрпының өзгеруін діни наным-сенімдер жүйесінің ауысуымен байланыстыру мәселенің толықтай шешуге мүдделі еместігін айта кеткен жөн.

Орталық Қазақстан жерінен табылып отырған сақ дәуіріне қарасты тас мүсіндер қызықты және маңызды ғылыми мәселелерді қозғайды. Ерте кезеңдердегі зерттеулер барысында мүлдем белгісіз болған бұл жәдігерлер қазір деректердің жаңа және үлкен өзектілікке ие бір категориясы болып табылады. Бес тас мүсін автордың ізденістері барысында Қарқаралы өңірінде табылды [28]. Л. Н. Ермоленко мәліметтері бойынша, қазір Орталық Қазақстан жерлерінде 20 жуық сақ дәуірінің тас мүсіні белгілі [29]. Бар деректер бойынша, Орталық Қазақстанның сақ дәуіріне қарасты тас мүсіндері обалар төңірегінде болады, яғни олар жерлеу орындарымен байланысты. Ортағасырлық түркі халықтарының тас мүсіндерінен өзгешелігі, сақ дәуірі тас мүсіндері әлі кеңауқымды зерттеулерге ілінген жоқ, оларды іздеп табу, тіркеу мен зерделеу шаралары жаңа жүргізілуде. Маңыздысы, сақ мәдениеттері тараған басқа шыны көзді моншақтар, қола пышақ, садақ жебесі аймақтарда олар әлі күнге дейін толық ғылыми назарға алынған жоқ. Аталып отырған 20 тас мүсін Орталық Қазақстан жерінде осы соңғы жылдары жасалған ізденістердің ғана нәтижесі екендігін ескеру керек. Қазір семантикасы бойынша сақ дәуірінің тас мүсіндері ортағасырлық аналогтарға жақын болуы мүмкін деген пікірді айтуға болады. Батыр бабалар статусын көрсете отырып, олар көне сақ заманы халықтарының дүниетанымын зерттеу ісінде айрықша орын алатыны сөзсіз болу керек. Табылып отырған сақ мүсіндерін қарастыра келе, кей жағдайда олардың басының төбесінде шошақтар болатынды анықталды [8]. Оларды және де шаш қоюдағы кекіл, айдар қалдыру сияқты дәстүрлермен байланыстыра қарауға болатындығы байқалды.Осы тас мүсіндердің мерзімдік жағынан қара теңіздік тас мүсін топтарымен бірқатар жақындығы байқалады. Демек, бір уақытта өмір сүрген тайпалардың тас мүсіндері Тасмола мәдениетінің ерте кезеңінің екінші сатысына жатады деп айтуға әбден болады.Аржан-1 мен Аржан-2 қорымдары – Тувадағы алдыбел мəдениетінің төл туындылары. Бұл мəдениеттің басқадай толып жатқан ескерткіштерін зерттеген А. Грач алдыбел мəдениетінің заттық деректерін  Қазақстан Тасмола  мəдениетіне маңызды ұқсастықтары бар екендігін көрсеткен. Аржан-2 оьасының деректеріне, сүйене отырып ресейлік археологтар сақ заманындағы Қазақстан Тыва байланысын тағы көтеріп отыр! Атап  айтсақ, мұны қазір іргелі ғылымда тəптіштеп таратып отырған петерборлық ғалым К.В. Чугунов. Бір мақаласында ғалым былай дейді: «что касается Аржана-2, то можно утверждать генетическую связь его комплекса с Аржаном-1, выразившуюся в сохранении некоторых традиций погребального обряда и искусства. В то же время изменения материального комплекса, в частности таких важнейших компонентов, как конское снаряжение и вооружение, произошло, вероятно, под влиянием более западных областей степи (Казахстан, Семиречье). Последние находки казахстанских коллег свидетельствуют, что на это указывают не только черешковая группа нако-нечников стрел и напускной способ сопряжения уздечного комплекта, но и традиции в искусстве звериного стиля» [10, с. 52]. Бұл пікірін ол басқада көптеген еңбектерінде айтады, тасмола мəдениетінің ерекшеліктеріне ерекше үңіледі. Талды-2 қорымы деректерін қосатын болсақ, аталып отырған ғылыми проблеманың қаншалықты маңызды екенін тағы да байқаймыз. 1960-жылдары М. Қадырбаев Қазақстан тасмола мəдениетінің көне Алтай мəдениетімен жақын екендігін дəлелдеп өтті. Бүгінгі деректеріміз, біріншіден, Алтай ғана емес, сонау қиырдағы Тыва жерінің алып сақ əлемінің бір пұшпағы екенін дəлелдеп отыр. Екіншіден, бұл құдыретті əлемнің, көлемі жағынан зор, алпауыт кеңістіктің орталығы қазіргі Қазақ даласы болып табылатындығы мəлім болуда.  

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Акишев К.А. Зимовки-поселения и жилища древних усуней //Известия Академии наук Казахской ССР. Серия общественная. 1969. Вып. 1. С. 29–47.

2. Горячев А.А. Поселение и могильник раннего железного века археологического комплекса Тургень-2 // Вопросы археологии Казахстана. Алматы, 2011. Вып. 3.С. 325–341.

3. Хабдулина М.К. Степное Приишимье в эпоху раннего железа. Алматы: Гылым, 1994. 170 с.

4.  Хабдулина М.К. Поселения раннесакского времени на р. Селеты //Степная цивилизация Восточной Евразии. Астана, 2003. Т. 1. Древние эпохи. С. 189–214.

5. Хабдулина М.К. Итоги изучения улыбай-тасмолинской культуры Северной Сарыарки // Казахстан в сакскую эпоху. Коллективная монография. Алматы: Институт археологии им. А.Х.Маргулана, 2017. С. 35-58.

6. Төлеубаев Ә.Т., Үмітқалиев Ұ.Ү. Шығыс Қазақстан жеріндегі сақ дәуірінің Қарашоқы-1 қонысы // Всадники Великой степи: традиции и новации. – Астана, 2014. – С. 58-63.

7. Бейсенов А.З. Поселение Сарыбуйрат – памятник раннего железного века Центрального Казахстана // Вестник Университета Кайнар. – 2009. – Вып. 4/2. – С. 8-11.

8. Бейсенов А.З. Жилище сакской эпохи. Вестник Томского Государственного Университета. История. 2017. №45. С. 72-82.

9. Бейсенов А.З., Д.О. Гимранов, И.К. Ахияров, Д.Б. Дуйсенбай//Поселение сакского времени Абылай в Центральном Казахстане Теория и практика археологических исследований. 2017. В печати.

10. Бейсенов А.З., Ломан В.Г. Древние поселения Центрального Казахстана. – Алматы, 2009. – 264 с.

11. Бейсенов А.З. Раннесакские поселения близ горы Едирей в Центральном Казахстане // Известия Самарского научного центра. - 2016. Т. 18, № 3. - С. 146–152.

12 Ахияров И.К., Бейсенов А.З.Поселение сакской эпохи Туйетас в Цен-тральном Казахстане // Актуальные проблемы археологии Евразии. Алматы, 2016. С. 237–244.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз