Өлең, жыр, ақындар

Елін сүйген - елі сүйген Елбасы

Елін сүйген-елі сүйген Елбасы

Елбасы...Осы небір алты әріптің өзінде қанша мән-мағына,үлкен бір тарих жатыр десеңші.Бүгінгі айтылар ой Қазақстан республикасының президенті жайлы болмақ.

Еліміздің түңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев-Қазақстан мемлекетінің көшбасшысы.Қазақстанымыз үшін қолынан келгеннің бәрін жасап,елі,жері үшін өмір сүретін дара әрі дана тұлға десем артық етпес.Тәуелсіз елде туылғаныма,дүние есігін ашқалы ешбір соғысты көрмей,осындай бозторғай жұмыртқалаған бейбіт,тыныш заманда өмір сүріп отырғаным елбасымыздың арқасы деп білемін.Осы үшін оған басымды иіп,үлкен алғысымды білдіруден жалықпаспын.

Қараңыздаршы,29  жылдың ішінде Елбасымыздың атқарған істерін  айтар болсақ бүгін жазып тауыспаспын сірә.

1991жылы 1-ші желтоқсанда дәл Нұрсұлтан Назарбаевтың еліміздің президенті деп сайланғанына мен қатты қуанамын.Үлкен мақтанышпен елдің сенімі ақталды деп айта аламын.Тәуелсіз отанымыздың көкжүзімен астасқан көк байрағы астында жеткен жетістіктеріміз,алған асуларымыз барлығы Елбасының ерең еңбегінің нәтижесі,сол кісінің арқасы.Басқа елдерден артық түспесек кем қалмаймыз.Кешегі тар жол,тайғақ заманда,елімізді алға жылжытып,халқымызды күллі дүниеге танытып,нұрлы,бейбіт болашаққа жетелеген,сан ғасырлар бойы бабаларымыздың арманын баянды еткен,елімізді дамыған 50 елдің қатарына кіргізіп,Қазақстанымызды барлық жағынан әлемге паш еткен ол-Нұрсұлтан Назарбаев деп зор мақтанышпен баршаға жар саламын.

Маған қазіргі таңда нағыз патриотты көрсет дер болса,мен ойланбастан Нұр аға дер едім.Мемлекет басқарып миллиондаған халықты бір шаңырақтың астында бір үйдің баласындай ұстап,елі десе ішкен асын жерге қоятын да Нұр аға!

Біз өте бай мемлекетпіз,халқымыз ең бақытты!Елбасының үздік еңбегі осы бейбіт күнге жеткізді.Елбасымыздың жыл сайынғы жолдаулары, жүргізілген түрлі реформалары ,жастарды барлық жағынан қолдап оларға үлкен мүмкіндіктер беретіндігі,тіпті былтырғы 2019жылғы «Жастар жылы»деп сайлағаны бәрімізге,халқымызға тек оң әсерін тигізуде.Күні кешегі тәуелсіз елдің тұңғыш астанасы Нұр-Сұлтан қаласында дүниежүзлік ЕХРО-2017 көрмесінің өткізілуіде зор бедел,үлкен мақтаныш.

Міне осылай,бізде дамыған 30,10 елдің қатарында боламыз,Қазақстанымыз одан әрі көркейетіндігіне мен нық сенемін. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші»,тек елбасы ғана емес,бізде елбасымызға қолдау көрсетіп бірлігімізді одан әрі нығайтып,одан әрі жұмыс жасасақ,бізден керемет мемлекет болмас еді.Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келер болсам,еліміздің ертеңі,келешегіміздің болашағы ретінде, болашақ журналист ретінде елім, жерім үшін қолымнан келгенше бар жігерімді жұмсап,елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтің Нұрлы жолымен болашаққа нық басамын.

Елбасыммен мен бүгін мақтанамын,

Өзіңді әлемге айтып шаттанамын.

Қазағым жетті бүгін арманына

Елбасым,айналайын,атқан таңым.

Жылытып мына әлемді гүлдендірдің,

Төрткіл дүние әлемін дүр сілкінтіп,

Елімнің шығардыңыз биік үнін.

Елбасым ер жүректі Ер мінезді,

Елімді айналдырған гүл күмбезге

Өзіңдей тұңғыш қазақ Елбасы,

Жарқыраған қазағымның күні емес пе?

(Өлең жолдары белгісіз автордан)

Уланова Эльнура


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз