Өлең, жыр, ақындар

Шерхан Мұртаза

Туады, туады әлі нағыз ақын,
Нағыз ақын бал мен у тамызатын.
Жесірдің айырылмас сырласы боп,
Жендеттің көзінен жас ағызатын.
М.Мақатаев

Мен үшін Шерхан Мұртаза атам осындай жан. Біртуар ұлы жан. Нағыз халқым, елім деген кісі еді. Қолымда бір нәрсе болғанда асыл тастан ескерткіш орнатсам да артық болмас еді  .

Жоғарыдағы мың кісі Шерхан атамның тырнағына да татымас қазір. Халық сайлаған депутаттар осындай болса керемет болар ма еді, кім білсін.

Әрине Шерхан атамызды да көпшілік ұнатпады ғой.

Шындықты айтқан адамды бәрі көзге шыққан сүйелдей көретіні бар емес па.

Қазақ әдебиетінің қара наны, қайталанбас тау тұлғасы болған, елім деп шыр-пыр болған, мылтықсыз марқұм болған Шер ата.Саясатты тура түсінген, қылыш тілді, өткір ойлы адам болғаны анық көрінеді. Өз сөзін дәлелдей алатын, саналыға да санасызға да асыл сөз, сүйектерді мың шытнататын тастан ауыр сөз айтатын жан еді...

Кезінде қазақ тіліне қоса орыс тіліне де мемлекеттік тіл деген "статус" береміз дегенде, Шерхан Мұртаза айтқан еді, Нұреке, "Екі тіл тек жыланда ғана болады", - деп. Міне, нағыз елім деп соққан жүректен осындай сөздер шығады. 

Шер аға, ер аға жүректен кетпес ұлы тұлға. Мәңгілік елдің, мәңгілік тарихында қалатын, есімі алтын әріппен жазылатын дара тұлға. Біз сізді жүректен де көңілден де өшірмейміз.

Абылай Хан атындағы ҚХҚжӘТУ Журналистика факультеті 1 курс студенті Давлатбаева Жадра


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз