Корейская косметика премиум класса

Коронавирус салдары ағзада ұзақ уақыт байқалуы мүмкін – Қытай ғалымдары

Коронавируспен ауырып, жазылып шыққан науқастарда ұзақ уақыт бойы инфекцияның салдары байқалуы мүмкін. Мұндай мәлімдемені Бейжіңдегі Қытай-Жапон достастық ауруханасының Жұқпалы аурулар орталығының директоры Цао Бинь жасады.

Цао Биньнің медициналық тобы бір кездері Қытайдағы COVID-19-дың таралу ошағы болған Ухань қаласындағы Цзиньинтань госпиталінен емделіп шыққан 1,7 мың ковид-науқасты бақылады. Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, науқастардың 70% әлсіздік, бұлшықеттердің ауруы, ұйқының бұзылуы, сондай-ақ буындардың ауруы, тәбеттің нашарлауы, жүру кезіндегі қиындықтар сынды асқынулар болған.

Науқастардың 30% аэробты мүмкіндік пен төзімділікті бағалау үшін жүргізілетін 6 минуттық жүру тестінен өтпей қалған. 20% астам науқас психологиялық асқынулардың болғанын хабарлаған. Сондай-ақ, жазылып шаққан науқастардың жартысынан көбінде КТ-диагностикасының кем дегенде бір бөлігі бойынша нормадан ауытқу байқалған.

Цао Биньнің айтуынша, COVID-19 ағзадағы жасушалардың өліміне, иммундық жүйеге шабуылға әкеп соғып, қосымша зиян келтіруі мүмкін. Уханьда індет тарала бастаған алғашқы уақытта ауыр жағдайда жатқан науқастардың көбінде полиағзалық жетіспеушілік белгілері байқалған.

Оған қоса, зерттеу көрсеткендей, егер науқастарда антиденелер неғұрлым жылдам төмендесе, оларда инфекцияны қайта жұқтыру ықтималдығы соғұрлым жоғары болады. Осылайша, бұл санаттағы адамдарды қауіп тобына жатқызып, болашақта медициналық бақылауды мұқият жүргізу қажет.

Цао Бинь әріптестерін COVID-19-дың ұзақ мерзімді салдарына назар аударуға шақырып, бар күшті коронавирусқа қарсы вакцина мен дәрі ойлап табуға бағыттау керегін айтты.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Қарап көріңіз

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Басқа да жазбалар

×