Биылғы жыл есімізде пандемиямен ғана емес, айтулы мерейтойлармен де есте қалмақ. Ғұлама Әл-Фарабидың туғанына 1150 жыл, Ұлы Абай туғанына 175 жыл толуымен бірге, еліміздің тұңғыш Президенті, Елбасы - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мерейлі 80 жасқа толу жылы болды.
Тәуелсіз Қазақстанның құрылуы мен оның шетелдік аренада лайықты орнын алуына, білім мен ғылымның дамуына, мәдени мұрамызды сақтап қалуға мол қамқорлық жасаған Елбасының 80 жас мерейтойына орай Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының әлеуметтік тапсырысы бойынша Педагогикалық Ғылымдар Академиясы онлайн форматта іс-шаралар топтамасын өткізді.
Елбасынң саяси жолындағы жетістіктері мен еліміздің маңызды оқиғаларын жастарға дәріптеу мақсатында әлеуметтік желілерде арнайы парақшалар ашылды. Маусым айында «Елбасы. Тәуелсіздік. Алматы» тақырыбында онлайн көрме өткізіліп, көрмеге Елбасының саяси бастамаларына қатысты, тәуелсіз еліміздің алғашқы жылдарындағы маңызды оқиғалар кезінде түсіріліп алынған сирек кездесетін фотосуреттер қойылды. Жастар қауымы үшін «Тәуелсіздік дәуірі» атты онлайн эссе байқауы ұйымдастырылып, оған 800-ге жуық қатысушылар қатысып, еліміздің қазіргі заман тарихына қатысты өз ойларын жазды.
Онлайн форматтағы іс-шаралар аясында «Көшбасшы жолымен» атты жастар форумы ұйымдастырылды. Форум қатысушылары Н.Ә. Назарбаевтың саяси жолы, тәуелсіздігіміздің алғы шарттары, еліміздің халықаралық қатынастары, халықаралық аренадағы Қазақстанның маңызды бастамалары, мемлекеттік рәміздер сынды тақырыптарда шығармалар жазып, онлайн форматта пікір алмасты. Форум қатысушылары үшін Елбасымыздың балалық шағынан бастап бүгінгі күнге дейінгі аралықты қамтитын Қарасай аудандық тарихи-өлкетану мұражайы, «Атамекен» тарихи-мәдени орталығы, КБТУ ғимараты – бұрынғы Үкімет үйі, ҚР Орталық мемлекеттік мұражайы экспозицияларын қамтитын онлайн экскурсия жасалды. Экскурсия барысында форумға қатысушылар Елбасының мектепте отырған партасынан бастап, бүгінгі күнге дейінгі аралықты қамтитын қызықты экспонаттарды тамашалауға, тәуелсіздігіміз жарияланған, Конституциямыз қабылданған Үкімет үйін де тамашалауға мүмкіндіктері болды.
Бүгінде елімізде, әлемде қиын жағдай орнағанымен, ертеңгі күні мұның бәрі тарих беттерінде қалатын оқиғалар болары айқын. Сондықтан, ел тарихында маңызды орын алған тұлғалады ұлықтауға ерекше мән беруіміз қажет. Елбасы Н.Ә. Назарбаев ел тарихында өзіндік орын алатын дара тұлға. Сондықтан осындай іс-шаралардың көп болуы еліміздің кемелденуіне ықпал етеді деп ойлаймыз.
Сагындыкова Сымбат Темиргалиевна әл-Фараби ат. ҚазҰУ аға оқытушысы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі