Менің Тайлан деген ескі досым бар еді. Бірнеше жыл бір мектепте оқып, бір партада отырған дос. Ол кезде Тайлан қыздарға арнап өлең жазатын. Әдебиетпен шұғылданатын. Үлкен жазушы болуды арман ететін. Биыл ойда-жоқта сол досыммен кездесіп қалдым. Бір үлкен трестің бастығы екен. Екеуміз ұзақ әңгімелестік. Балалық шағымызды еске алыстық. Мен оған сөз арасында:
— Баяғыда үлкен ақын болуды арман етуші едің ғой, — деп қойдым.
— Бәрі де жастық шақтың әуресі екен, тастадық — деп жауап берді Тайлан.
Қоштасар сәтте ол менің қолымды қатты қысты да, жүзіме қарап сәл ойлана тұрып қалды. Содан кейін кітап сөресін ұзақ уақыт ақтара жүріп бір қызыл дәптерді алып шықты.
— Мынау бұдан біраз жыл бұрын жазған шатпақтарым еді. Тегі, жазушы болып жарытпаспын деймін. Ала кет. Мүмкін керегіңе жаратарсың, — деп маған ұсынды.
Үйге келген соң достым сыйлаған дәптерді алып оқып қарасам, көңіл аударарлықтай көп нәрселер бар екен. Солардың кейбіреулерін жеңіл ғана жөндеп, жария етуді мақұл көрдім.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі