Өлең, жыр, ақындар

Қасқалдақ

Алакөлеңке дала таңғы шыққа малына мүлгіп түр. Төңірек құлаққа ұрған танадай жым-жырт. Қалың құрақтың арасында бой тасалана селтиіп Қасқалдақ отыр. Ол әлсін-әлі мойнын созып, айналасына сезікті көз тастайды. Аракідік өзен жақ беттен соққан самал ғана «үрке берме, қауыпты дәнеңе жоқ» дегендей қара қамыстың басын сусылдата тербеп, толқытып кетеді. Әрине, Қасқалдақ самалға сенбейді. Өйткені ол әзәзіл. Жыртқыштың сыбайласы. Жаудың төніп кеп қалғанын сиқырлы жел ысқырып естіртпейді. Кешегі... Иә, екінді әлетіндегі қанды сойқан осы самалдың кесірінен болмап па еді. Онда да тап қазіргідей қамыстың шашақты басымен ойнап, сырналата арбап бір Қасқалдақтың түбіне жетпеді ме?!. Ит тұмсық, ұзын құйрық сары жыртқыш сумаң етіп, там бергенде сорлы қар дыбыссыз кеткен. «Жо-жоқ. Қасқалдақ саған сенбейді, самал. Қамыс басын тербете сарнай бер, желпи бер, тыңдамайды».

Қауып-қатері мол түнгі сезімнен Қасқалдақ әлі арыла алмай, қозғалуға қорқып отыр. Қалың қамыстың қара көлеңке әр қалтарысында бір жау аңдып тұрғандай. Бір түрлі тұңғиық, үрейлі. Қасқалдақ мойнын қылтың-қылтың оңды-сол созып-созып қойды. «Ыс» етіп жел аяқ астынан көтерілді. Қара көк, қорғасындай ауыр су беті қатпар қатпар толқынданып, қамыс-құрақ сыбдырлай әндетіп кетті.

Көп ұзамай ұйытқыған ұрма жел тына қалды. Іле самал желпіп, төңірек тағы да қаз-қалпына түсті. Алыс. тан әлде не «дүңк» еткендей болған; Қасқалдақ «қыр» деп үрке қалды. Әйтсе де орнынан қозғалмады. «Бұ не? Күн күркірей ме? Аспан ашық. О несі, ә?» — деп ол таңданатын сияқты.

Тағы да сол отырған күйі мойнын соза қаран қойды. Көз жетер маңнан сезікті ештеңе аңдамағансын ба, әлде әбден шаршады ма, сәл мызғып кеткендей бұйығы қалыптан ол шошына басын көтеріп алды. Екі қанатының астында тынымсыз жыбырлап, жемсауын түрткіштей берген балапандарына кіржіңдей: «тиыш отырыңдар» дегендей «қыр-қыр» етті.

Самал тына қалды. Ауа тымырсық тартын, қамыс арасын шіркей мен сары маса буып кетті. Күн шығар алдындағы тылсым тыныштық еді бұл. Әр шегірткенің беймаза шырылы естіледі. Қылаңдаған ақ қанат көбелек те құрақ үстінен көрініп қалады. Өзен жақ беткей де дамылдап жатқандай тып-тыныш. Бал арасы ғана еркін. Қамыс-құрақты бойлай өскен шырмауық гүліне қонып, шырын алын жүр. Еңбекқор жәндікте үрей, қорқыныш жоқ. Ол тіпті Қасқалдақтың жанынан ғана емес, көз алдынан ызындай ұшып өтеді. Әне, біреуі тіпті үстіне қонып, сынағандай ұзақ отырды. Қасқалдақ оған міз бақпады. Сол сәтінде шөп түстес сұр шегіртке сырылдай кеп, бейкүнә құстың тұмсық астына қона қалды. О да бал арасына еліктеген сияқты; тимес деді ме кім біледі?! Артқы ұзын аяғын көтере, қайта секірем дегенше болған жоқ, өткір тұмсық оны жерге қағып түсірді.

— Қыр! — деді Қасқалдақ. Қанат астынан «шиқ-шиқ» ете жүгіре шыққан қос балапан шала-жансар шегірткеге ашқарақтана тап берді.

Екеуі бөлісе алмай тартқыштап жатыр. Ақ мойнақ балапан қанағатшыл екен. Шегірткенің сіріңке талындай бір аяғы тиіп еді азырқанбады. Тістей қашты. Онысы да жарасымды. Қызғаныштың емес, сыпайылығы тәрізді. Сұрғылт балапандай бас алмай қылғып жатқан жоқ. Екі шұқып бір қарап, тың-тыңдайды. Бұнысы кәдімгі үлкен қасқалдақтарға еліктегені.

«Тырс етіп қу қамыс сынып кетті. Үлкен бір бәйтерек құлағандай қорқынышты естілді. Қасқалдақ тынышсыздана, қанатын қомдай бастады. Жан-жағына үрке қарап тұр. Ақ мойнақ балапан өз үлесін қылғып сап, ана бауырына ұмтылып келеді. Қасқалдақ қомдай түскен қанатын жиып, «балапаным жолында өз жаным садаға» дегендей «қыр-қырлай» бастады. Сұрғылт әлі сол баяғы иір шегірткемен әуре еді; «қыр-қырлай» оны да қанат астына алды. Баласына зілсіз ұрысқандай қорбаңдап, баяу «қыр» деді. Орнынан шұбатыла тұрып, балапандарын сезікті дыбыстан әрі қауыпсыз, өзен жағасына қарай бастап берді. Үш құс дыбыссыз, өте сақ.

Балапандары жүзіп жүрген көгілдір су беті ақшыл тартып барып, қызғылт реңге ауысты. Қамыс көлеңкесі қара сызықтана жол-жол боп, өзен бетіне түскенде ғана қасқалдақ басың көтере, тағы да мойнын созып-.созып қойды. Әлгінде құпиялы сыбдырлап тұрған қамыс-құрақ адам танығысыздай өзгеріп, әсем лағыл-маржан тағыныпты. Мөлдіреген таңғы шық күнмен шағылыса қызғылт, көк, жасыл боп, құрақпен қамыс талдарына іліне құбылып тұр. Қара жер де шөп көлеңкесінен жолбарыс жонындай шұбарланып қалыпты. Бойына жан біткендей бусанып жатыр.

Күн шықты...

Қасқалдақ жерден жеп-жеңіл көтерілді. Сезікті дыбыстың тұсын бетке алып келеді. Бозғылт түтіні көкке өрген мекен-жай қанатының астында қалып барады. Шапалақтап жарыса үрген хайуандардың дыбысы: мөңірегені, маңырағаны, шұрқырай тебіскені ес тіледі.

— Уа, сиырыңды саусаң табынға қоссаңшы. Тағы та сандалып, егіске түсіп жүрер. Болсаңшы енді! — дейді бір дауыс.

— Жау келділемей мұрсат берші осы. Қосамыз ғой. Неменеге жанығасың...

Ол бұл сөздің біріне де түсінген жоқ. Әйтеуір осы дауыстың иелерінен қатты қорқады. Жалғыз жүрсе мұның бірінен де ығыспас еді, қанаты қатпаған балапан тағдыры ғой оны жіпсіз байлап отырған. Әрине, Қасқалдақ жыртқыштың түрін де, түсін де, айла-шарғысын да біледі. Талай рет олардың қанды шеңгеліне іліне де жаздаған. Ілініп, өлім аузынан да қайтқан. Соның бәрінде жанын аман ап қалған — сақтық. Иә, сақтық қана. Балапандарыма үйретсем бе дейтіні де сол... сақтық!..

Қасқалдақ ойласа өмірде екі-ақ тірлік бар. Ол күшті мен әлсіз тірлігі, тартысы. Өмір үшін тартыс. Рас, әлсіз жеңбейді, сақтанады. Сақтықсыз тірлік те жоқ қой. Ит-тұмсық, құйрығы ұзын қызылдан өзге бұл дүниеде жыртқыш аз ба?!. Жо-жоқ, өте көп! Көп-ақ! Көк тәңірісі қара бүркіт, қаршыға, қырғи сияқтының улы тырнағынан құтылу оңай ма екен? Ұшып көкте, жүгіріп жерде тіршілік еткізбес қызыл көз пәлекеттер емес пе? Бетін аулақ қылсын тәңірім. Аңысын аңдамаса қай белдің астынан тан берерін кім біліпті?!. Қасқалдақ өзеннен ұзап кеткен, шошына кері бұрылды. Жанұшыра балапандарына асығып келеді. Өзі ойлаған жыртқыштың баршасы осы қазір ұясын ойрандап жатқандай көрінді. Мүмкін ол солай да шығар?..

Жер бауырлай ұшқан Қасқалдақ қалың қамысқа жете бере, үрейлене жалт бұрылды. Оқ тигендей қалбалақтап, қанатын қаға тұрып қалды... Манағы дыбыс тегін емес екен.

Көк қыраны қанатымен жер сабалап, мойырылып жатыр. Айналасы қан жоса; отты көзі ғана сөнбеген, жалын атады. Бір қанаты сүйретіле, жиюсыз ескі жер-ошақ үстінде жайы лып қалған. Имек тұмсығын зорға көтеріп, алара қарап қояды. Өзінен үш-төрт қадамдай жерде әлсіреуін күтіп, телмірген иттұмсық, ұзын құйрыққа айбат шеге ұмсына түседі. Әлі де сұсты. Көзі жұмылмай, жауына оңай берілетін түрі жоқ. Дәрменсіз күйі ғана жасытып тастағандай. «Бұны отты таяғы бар адамдар жарақаттаған? Олардан күшті кім бар?» Қасқалдақ өзен жағасындағы шөптің арасында қылтыңдап жүрген бала пандарын көргенде ғана көңілі сап болғандай тынышталайын деді. Әп-сәттің арасында бәрі де ұмытылды. Шөптегі мөлдір шықты шұқып, соны қызықтаған балапан тіршілігі ана жанын баурап алды. Шегіртке, шөп қоңызы, қызғылт жауын құртын ұстап балапандарын тамақтандыра өзеннен ұзап барады. Ойдым-ойдым боз жусап, ақсары ажырық, шоқ өскен жапырақты мияның таң алдында ұсынары көп-ақ екен. Жұпар иісін айтпағанда қаншама құрт-құмырысқаға бай. Ақ мойнақ қызыл жың арасынан тұңғыш рет ана көмегінсіз, әлде қандай жәндікті кішкене тұмсығымен қағып түсіріп, жеп алды. «Шиқ-шиқ» етіп, соған'.да мәз...

Кенет... О, сұмдық-ай!.. Қасқалдақ қалтиып тұрды да қалды. Балапандары жанұшыра қашып кеп, бауырына тығылып жатыр. Дір-дір етеді.

Жолға жақын ояңнан шыға келген екеудің бірі отты аяғын кезеніп тұр. Үңірейген аузы қандай суық еді. Әлгінде өзі көрген қарақұсты да сұлатқан осы болмаса не қылсын. Буын-буыны құрып, қалтыратып алып барады.«Енді қайттым? Не істедім жазған басым? Қор болуға жарап па едің?!.» Қасқалдақтың кішкене жүрегі қатты соқты. Тұла бойын бір ерік сіз діріл билеп жүре берді.

— Жарқыным-ау, енді қашан? Ұшып кетсін деп тұрдың ба?!. Өзі де бозаңның түбінен қылтыңдап, көрінбейді ғой. Үшеу ме? — деді екеудің қара мұрттысы. Қасқалдақ мұны «отты таяқтан жалын ат та, өлтір мына бейбақты» деп өмір етті екен дегендей болды. Іле құлақ тұндыра жер-дүние солқ етіп, қабырғасы сөгілгендей күркіреп кетті. Қасқалдақ аяғы өз-өзінен бүгіле берді.

Үш құстап әріректегі жыңғыл түбінің топырағы ақ тозаңдап «бұрқ» етті. Таяқтың аузынан шыққан көгілдір түтін сейіліп барады. «Қашайықшы, балапандарым...» Қасқалдақтың жан толқынын түсінбеді ме, жоқ әлде әбден үрейлері ұшып кеткеннен бе, балапандары тапжылмады. Ақ мойнағы өзінен қорған іздегендей тығыла түседі. Оған тіпті осы сәт екі жанындағы бозаң да аласара, қорған болудан қалған тәрізді. Адамдар күбірлесе от шашатын таяғын қайтадан сықырлатып оқтап жатқан сияқты. «Біттік... Мені атса да сендерді... Сендерді аман жіберсе игі еді. Жоқ. Бұлардан құтыла алмассың»...

— Ойбай-ау, достым, мынау... Мынау дегенің қасқалдақ қой...

— Е, қасқалдақ болса ше? Мен қой екен деп түр деймісің!

— Тоқта дейім-ей!.. Атпа! Бектас, естимісің?!. Анау жанындағы қанаты қатпаған балапандары ғой, көремісің? — деді екеудің қара мұрттысы ақсары Бектас аталсап, жігіттің жеңінен тартып.

— Ендеше тірілей ұстап алайық. Кәне, мен оны... — Бектас қолындағы мылтықты мұрттыға ұстатса, тапырақтай қуа жөнелді.

Қанаты қатпаған балапандарын ілестіре қасқалдақ та безініп барады. Ауық-ауық тұра қап қарсы жүгіреді. Әне, Бектас жақындап та қалды. Қасқалдақ балапандарын қашырып жіберіп, оны кідірткелі қарсы ұмтылды. О, жаны құрғырдың тәттісі-ай! Ұмтыла берген жігіттің қол астынан ол шыдай алмай тағы да қашып шықты. Шиқылдап екі балапанының үстінде шыбын шіркей боп жүр.

Жанұшыра қашқан екі балапанды қызықтап, Бектас аталған жігіт ұстай алмай әлек. Кішкене аяқтары шалынысып омақаса құлайды да, іле-шала ұшып тұрып, шиық-шиық қаша жөнеледі. Әсіресе анау бөліне, бір бөлек қарауытқан алаботаға қарай бет алған ақ мойнағы тіптен сүйкімді-ақ. Жігіт жете бере, қолын созып еді, бұлт етін ұстатпай кері қарай қашты. Сорлы ана... Сүйікті ақ мойнағына қауып төнгенде өз басының да қыл үстінде тұрғанын ұмытты-ау; шырылдап кеп екі араға қонды да, оған тап берді.

Мұны күтпеген жігіт сәл шегіншектей түсіп, жұдырықтай сұрғылт құсқа тандана қарады. Қолындағы бір балапанды жіберсем деп ойланып та қалғандай. Жоқ... Ол ақ мойын бала панды ұстамай қоймайды. Қасқалдақ та қарсы жүре түсті де, жауының қайтпасын білгенсін, ұшып кетті. Әйтсе де ұзай алмай балапанының үстінде шыр айналып жүр.

Сәби қайда да сәби-ау. Өзін көрмейді деді ме, әлгі ақ мойын екі қадам жердегі бозаңның түбіне бой тасаланып тығыла қалды. Моншақтай момақан көздері жылт-жылт етіп жатыр. Ауыр аяқ дүсірі таялған сайын дірілден, кішкене мойнын бұға түседі.

Аспандағы қасқалдақ үні ащы, жан даусындай. Әне, ол құлдырай ағып кеп, шырқырай қай та көтеріліп барады. «О, тоба! Ана деген осындай ма еді...»

Бектастың қолында екі балапан. Жоғары көтеріп тур. Күлімдей басын шайқап қояды. Неге мәз боп тұрғанын да түсіну қиын. Мүмкін оған ана жанының күйініші, азабы қызық шығар? Бұл әрине құс қана, адам емес. Әйтсе де оның жүрегі бар ғой. Жүректің, үлкен, кішісі бола ма екен?!.

— Оу, жарқыным-ау жіберсеңші. Шырылдатып өлтіремісің! — деді қара мұртты мосқал адам шыдай алмай.

— Үйдегі кішкентайларға апарам. Сенімен екеуміз жезде, енді құс атып дәнеңе бітірмеспіз. Сіз болмасаңыз менің мандытпайтыным өзіңізге аян.

«Қыт-қыттай» шыр айнала ұшып жүрген қасқалдақ мынау қаныпезер екі балапанымды сығып өлтірем дей ме дегендей, мосқал адамға тура кеп, қақ алдынан заулам өтті. Үнінде жалыныш бар. Қара мұртты соны түсінді ме:

— Әй, ақмақ-ау, сенің балаң бар емес пе? Ананы қайтесің? — - деді ұшып жүрген қасқал дақты меңзеп.

— Е, тәйір-ай, ит-құс та жеп кетпей ме? Жә, қинамады-ау десеңіз, өзін де тартып жіберелік.

Ойына елдің аса қимас нәрсесін «қасқалдақтың қанына теңейтіні түсті ме, жоқ әлде Бектастың бұнысын көп қылжағының бірі деді ме:

— Қой әрі, — деп қалды мұртты зілсіз.

— Оны қиналдырмау оңай ғой дегенім еді да.

Бектас арсалаңдап кеп, екі балапанды жерге қойды да,қалпағымен үстінен жаба салды. «Не істегелі жүр? Мынау жынданған шығар? О, несі-ей бұ?» Аңырып, таңдана қарап тұрған қара мұрттының қолынан мылтықты жұлып алып, Бектас ұшып жүрген жұдырықтай құсты қабақ шытпастан қарақшыға ала бастады. «Сұмдық-ау, балапаны бар құсты атқанды кім көрген! Масқара ғой...» Maнадан балапандардың зәре-құтын алып болған Бектасқа мұртты табан асты ашу шақыра тап берді:

— Таста! Жындандың ба? Өлтіремісің, ана ғой! — деп оның қарынан қағып жіберді.

Отты таяқ гүрс етті!.. Қара мұртты сұп-сұр боп тұр дулыға:

— Ақымақ! — деді.

— Тиген жоқ қой... — Мұнан езге сөз Бектастың аузына түспеді. Ол сырт айналып, қалпақтың астында кпздері мөлдіреп, бүрісіп жатқан екі балапанды қоя берді. Iлкіде олар қаша алмай жасқанса, сәл бойы үйренгенсін құлдыраңдай жөнеді. Сонадай жерде қонып отырған қасқалдақ өзіне қарай қылтыңдап, жүгіріп келе жатқан балапандарына қарсы ұмтылды. Қанатын жая дірдіктеп келеді. Тынымсыз жаны осы екі балапанының үстінде сияқты; шыдамсыздана: «шиқ-шиқ» етіп қояды. Үні де манағыдай емес, біртүрлі жағымды, ашық жарқын естіледі.

Әне, олар табысты. Үлкен қасқалдақ мойнын созып қарап тұр. Құлдыраңдай, жүгіре жөнеп, бір түп бозаңның арасынан басы тағы да көрінді. ұзап кеткен, енді қылтыңдап қызыл жыңғылдың тасасынан шыға келді. Әлі қозғалатын емес. Селтиіп тұр. Иә, ол мынау екі жанды түсінбей қалды. «Адам жаны кең болғаны ма? Аяғаны ма бізді?..» — дейтін сияқты ол әр бозаңның түбінен мойнын созып, қылтыңдай қараған сайын... «Мүмкін емес... мүмкін... Аяды ма, аяды...» деп қыт-қыт етеді.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз