Өлең, жыр, ақындар

Әкені аңсау

Ол қара терге малшынды. Тәні балқып, жан дүниесі өрт әлемнің өзегіне тасталғандай жанып барады. Өмірінде мұндай рахат сезімді кешпегенін сезді. Қысқасы, бір алып күш сездірді. Сәл тынысы тарылғандай, алқына береді. Жо-жоқ, жүрегін жарып өткен ләззат сезімнің уыты санасын жайлады. Кеңістікте қалықтағандай, тәні мен жанын ырқына көндіре алар емес. Бар дүние ұмыт болғандай. Осы сәтті қимады. Рахат сезім денесінен ажырап бара жатқандай. Үздігіп барады.

— Жо-жоқ, кетпеші...

Оянып кетті. Терезеден сығалаған ай сәулесі ақ жүзін нұрландырып тұр екен. Ұзын шашы мамық жастықтың үстінде төгіліп жатыр. Көрпесі ашылып қалыпты. Түс көргендей сезініп, «осы жаңа ғана қандай түс көрдім» деп ойлады. Есіне түспеді. Алаңсыз көрпесін қайтадан қымтап алып, ұйқы құшағына берілді.

Сол түні шошып оянғаны ұмыт болғалы қашан. Арада бірнеше апта өткен. Бәрі дұрыс, өмір өз қалпында. Тек жүрегі айнып, құсқысы келіп тұрады. Басы айнала ма, өзі түсінбей қалды. «Мұндайым жоқ еді ғой» деп ойлады ару қыз. Амалы таусылғасын, дәрігерге көрінуге барған. Оны ұзақ тексерген дәрігер:

— Күйеуіңізден сүйінші сұрауға болады, аяғыңыз ауыр екен,-деді.

Есінен танып, құлап түсті.

Үйіне қайтып келеді. Басы шыр айналып, не істеп келе жатқанын өзі білмейді. Дәрігердің айтқаны ауық-ауық есіне оралады.

— Күйеуіңіз дейді, қайдағыны айтқаны несі. Мен әлі тұрмысқа шықпадым ғой. Керек десеңіз әлі күнге дейін еркек атаулыға жолап көргенім жоқ. Сонда қалай?..

Ол тағы да құлап бара жатқан, көшедегі иманды біреу иығынан демеп қалды. Қайтадан есін жиды да, бейтаныс кісіге рахмет айтып жүріп кетті.

Ертесіне тағы да дәрігерге қаралуға келді. Кешегі болған оқиғаға сенгісі келмеген. Дәрігер бәрін растап берді. Арада бірнеше апта өтсе де, ару қыз сенбей жүрді. Бірақ бірте-бірте іші өсе түсті. Қорқайын деді. Амалы таусылып, өзінің еш қылмыссыз күнәсін жасыру үшін басқа қалаға кетіп қалды.

Арада тоғыз ай, тоғыз күн өтіп толғағы келген. Перзентханадан бір-ақ шықты. Жаны қиналып жатыр. Бір уақытта ша р еткен дауыс естілді. Жаңадан жан иесі дүниеге келді. Дәрігер сәбиді қолына ұстап, кіндігін кесіп болған кезде, қолындағы шарана:

— Менің шешемді көрсетіңізші? — деді.

Тілге келмеген дәрігердің жүрегі тоқтап қалды. Қолынан сусып түскен сәби, жерге аунап кетті. Өн-бойын үрей бойлаған ол, жерде жатқан сәбиіне қарады. Басын өзіне бұрған сәбиі:

— Менің әкем қайда? — деп сұрады.

Ол болса осыдан тоғыз ай, тоғыз күн бұрынғы түсінде орын алған оқиғаны есіне алғысы келмеді. Бірақ сәбиінің әкесін өзі де көргісі келгені рас.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар

Пікірлер