Фильтр для воды
Корейская косметика премиум класса

Мен есірткі жайлы айтып беремін

Есірткі...Қандай құлаққа жағымсыз сөз десеңізші. Талайлардың түбіне жеткен, бақытты өмірлерін баянсыз еткен ғасыр дерті болса да, әлі де жер бетінен жоқ қылу мүмкін емес болып тұр. Қазіргі таңда есірткінің зиянын біле , көре тұра, оған қарсы шығуға дәрмені жетпейтін жастар саны көбейді. Тек қана жастар ғана емес ересек кісілерде, өз жасында балаларына үлгі болудың орнына, кері кетіп, келешек ұрпақты улауда. Есірткі ешқашан жақсы зат бола алмайды. Есірткінің адам денсаулығына тигізер зияны өте  көп. Есірткі қолдану- өзін-өзі өлтірудің ең баяу тәсілі. «Адам азса, заман тозады» демекші, әр адам өз өмірінің қожайыны, оны жаңарту да, құрдымға құлдырату да өз қолымызда екенін ұмытпау керек.

 Ал осы есірткінің шырмауына жастар қалай түседі? Адам баласы жарық дүниеге шыр етіп келгеннен бастап, оны дұрыс тәрбиелеу, оның денсаулығын сақтау, оған білім беру, адами қасиеттерді бойына сіңіру, өмірден өз орнын табатындай тұлға қылып тәрбиелеу, ең бірінші-ата-ананың міндеті. Ал жас жеткіншек талшыбық секілді иілгіш, жел қайда соқса сол жаққа қарай бейімделеді. Қазіргі кезде ата-ананың жұмыстан бас көтермей, баласына есепсіз ақша беріп, «балам ішсін, балам жесін» деп, бар тапқанын аузына тосуының өзі-жаман дертке бейім болуының бір себебі деп есептеймін. Осы орайда Абай атамыздың «Тамағы тоқтық, Жұмысы жоқтық,  Аздырар адам баласын..» деген өлең жолдары еске түседі. Өйткені, баршылыққа масаттанып істерге іс таппаған, өз проблемаларының шешімін таба алмаған  жасөспірім шақта жақсы мен жаманды ажырата алмаған уақытта білместікпен әуес болғандар нашақорлыққа бейім болады деп санаймын. Есірткіге әуестенудің тағы бір себептері, олар:

- білімсіздік: есірткінің қаншалықты қауіпті екендігін білмеу және бұл мәселеге жеңілтектікпен қарау.

- Қызығушылық: оның туындауына көбінесе айналасындағылар мен бұқаралық ақпараттар себеп болады.

- Ойын-сауық орындары «ақ өлім» диірменінің құралдары мен қақпаны болып табылады. Ол жерге кірген адамның диірменнен өту ықтималы өте үлкен болады.

- Жаман достардың қысым жасауы.

- Бір рет көрейін, сосын тастаймын деп ойлау. Бір рет немесе екі-ақ рет көрудің өзі адамды қайтпас жолға салуға жеткілікті болады.

- Айналасындағыларға еліктеу. Қоршаған ортасы бұзық болса, жаман әдеттердің жұғуы оңай. Жастардың қауіп-қатерді жақсы көруі, жыныстық бұзылу, өзін-өзі көрсету, күшін дәлелдеуге тырысу, генетикалық құрылымының есірткіге бейімдігі, иманның әлсіздігі, нашар отбасы есірткіге итермелейтін негізгі себептер болып табылады.

Ал есірткіні бір көрсең, одан кейінгі өмір бәрімізге мәлім болар. Ең алдымен өзіңді жоғалтасың, өмірге деген құштарлық, болашаққа деген сенім, жүздегі әсем күлкі және отбасынның саған деген сенімін, үмітін жоғалтасың. Өмірің мүлде басқа арнаға бұрылады. Сол есірткіні қайта шегу үшін сен не істемейсің? Бәріне де барасың. Өміріңде істемеген істі істейсің, ойламаған ойды ойлайсың. Ал осының бәрін көре тұра достарың сенімен қалай дос болсын? Ондай достың оларға керегі не? Яғни осының бәрі бір – ақ кезге әкеледі. Сен барлығынан айрыласың. Ал мұндайға жол бермеу үшін не істеу керек? Әрине ең алдымен өзіңе - өзің берік бол. Ал екіншіден салауатты өмір салтын ұстана біл. Өзіңді таза, мықты, ақылды, қайратты адам етіп тәрбиелеп шыға біл. Өз денсаулығыңды ойлай біл.Достарыңмен бірге спортпен айналыс.. Ойна, күл, уақытыңда көңілді өткіз. Ең бастысы өмірге сенімді көзбен қара. Менің айтарым өмірде жақсылық көп болатынына сен, есірткісіз болашақ ең жақсы болашақ екеніне сен!

УПНДПКЗО
Кежекова Аружан 7 сынып оқушысы
Қызылорда облысы,Арал ауданы
Т.Г.Шевченко атындағы  №13 орта мектеп


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Қарап көріңіз

×