Мен саған есірткі туралы айтып беремін!

Басты бет / Оқушылардың өзге жұмыстары / Мен саған есірткі туралы айтып беремін!

Мен саған есірткі туралы айтып беремін! — Оқушылардың өзге жұмыстары бөліміндегі материал.

Материал — есірткі — осы тақырыптарға байланысты.

Нашақорлық-қауіпті дерт. Адамзат тарихындағы қаншама қанды оқиғаның себепшісі, неше түрлі зұлымдықтардың да бастаушысы «апиын» болғанын білеміз. Біздің ғасырымыздың басты дерті де осы-нашақорлық.

Біреулер есірткі таратып байлыққа кенеліп, белшесінен батып жүр, ал қаншама жан бұдан бақытсыздыққа ұшырап өлім құшуда. Ел ішінде нашақорлар саны жыл сайын артуда, ал біз болсақ көрмеген білмеген киіп танытамыз. Адам баласы болғасын алдымызда не күтіп тұрғанын білмейміз.

Не істеу керек? Жастарды оның құрығынан қалай құтқарамыз?-әрине осындай сауалдар адам жанын мазалайды. Есірткіге негізі ұғынбайтын жаста ұрынады. Есірткіні бір рет қолданған адам оған өмір бойы тәуелді болып қала бермек. Сондай-ақ, есірткіге тәуелділердің 27%  12-16 жастағы балаларды құраса, ал 42% 17-26 жас, яғни жастар. Өлімнен үлкендер қорқуы мүмкін, ал жастар қорықпайды. Нашақор үшін өлім жалған дүниемен бірдей.

Жастар психологиясымен жүргізілген зерттеулер олардың есірткіні іздейтіндігін, ортасы жоқ жасөспірім, жапанда жалғыз қалғандай сезінетіндігі дәлелденген. Ал ортада қай бала жан-жақты, пысық, соңынан өзгелерді ерте алатындай қабілетті болса соған ұқсағысы келіп тұрады. Психолог мамандар дәрігерлер «отбасында» бала ішімдік, темекі, есірткі сияқты естен айыратын әзәзіл туралы ерте бастан естігені дұрыс екендігін, бала жаман әдет туралы ерте білсе, соғұрлым  тез жиренетіндігін, одан бойын аулақ ұстайтындығын ескертеді.

Біздің елде және шет елде нашақорлықты емдеумен айналысатын көптеген медициналық орталықтар орналасқан. Сол орталықта қаншама адамдар емделуде. Салауатты өмір салтын ұстану қажет, тек сонда ғана ұрпағымыздың дені сау, таза әлемде өмірге келуі мүмкін. Толық сауығу үшін адамға үлкен ықылас қажет, ал жақындарының махаббаты оған ауыр сырқатпен күресуге көмектеседі. Нашақорлық тек бүгінгі заманның алдында ғана емес, болашақ ұрпақ алдында да кінәлі! 

Алдабергенқызы Жансая

8 «А» сынып №21 орта мектеп

Қызылорда облысы Арал ауданы Қамыстыбас ауылы



WhatsApp Telegram

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мен саған есірткі туралы айтып беремін! деген не?

Бұл бетте Мен саған есірткі туралы айтып беремін! тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.

Бұл мақала қай бөлімге жатады?

Бұл материал Оқушылардың өзге жұмыстары бөліміне жатады.

Осы тақырыпқа ұқсас материалдарды қайдан табуға болады?

Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Мен саған есірткі туралы айтып беремін! материалы Оқушылардың өзге жұмыстары бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.

Оқушылардың өзге жұмыстары бөліміндегі басқа материалдар есірткі тақырыбындағы материалдар zhansaya07 жариялаған басқа материалдар