Өлең, жыр, ақындар

Білім министрі: Сапасыз жоғары оқу орындарын жабу жұмысын ары қарай жалғастырамыз

Кадрларды даярлауға арналған гранттар сұранысқа ие бағыттарға ғана бөлінеді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.

«Жоғары білім беруде кадрларды даярлауға арналған гранттар сұранысқа ие бағыттарға ғана бөлініп, кәсіптік бағдарлау жұмысы күшейтіледі. Кәсіптік стандарттар мен атлас негізінде жаңа бағдарламаларды әзірлеп енгіземіз», — деді Асхат Аймағамбетов.

Оның атап өтуінше, жоғары білімнің сапасын арттыру үшін педагогтарды, дәрігерлерді, заңгерлер мен сәулетшілерді даярлайтын университеттерге ерекше біліктілік талаптары енгізіледі.

«Бұған қоса академиялық адалдықты бұзғаны және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін лицензиядан айыруға дейінгі жауапкершілікті нормативтік-құқықтарға бекітуге дайындадық.Сондай-ақ мемлекеттік бақылау жөніндегі заңнамаға лицензиялау және тексеру тәртібін өзгерту, лицензияларды қайтарып алу рәсімі бойынша нормаларға өзгерістер енгіземіз. Сапасыз жоғары оқу орындарын жабу жұмысын ары қарай жалғастырамыз», — деді министр.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (2)

Ту

Қонақ

Сәнім

Сапасыз білім мектептерде де беріледі.Сол сапасыз жоғары оқуды бітіріп келгендер мектепте берген сабақтарының тұзы жоқ тамақпен бірдей.Өте төмен. Мектептегі мұғалімдерді де сорттау керек. Бір мектепте бір физик,бір химик пе жылдар бойы білімсіз оқушыларды шығара береді,шығара береді. Есеп шығарып жатқан немесе физика,химияны таңдап жатқан оқушы көрмейміз. Қайдағы ғылыми жұмысты айтамыз.Лабаратория бар химия кабинетінде лаборант бар,ал өмірі лабараториялық жасалынып жатқан жұмыс көрмейміз. Аңқау елге,арамза молда.

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар

Пікірлер