Өлең, жыр, ақындар

Кітаптағы ашаршылықтың ащы шындығы

Залым Кеңес үкіметіндегілердің əрекетінен талай қазақ аштыққа ұрынды.Қазақ халқы "балапан басымен,тұрыматай тұсымен" болып бозып кетті.Сол замандарды бейнелейтін терминдер:"коллектив,кулак,нəубет,Қызыл отау,ГПУ".Заман жастардікі,үкімет кедейдікі деп есі шығып,ат ойнатқандар көп болды.Тіпті,"бір қаннан тараған бауырына да аяушылық танытпаған халықтың азғыруына кім себеп болды?",-деп ойға кетесің.

Байлар мен кедейлер тең болсын деп "коллектив" деген пəлені құрды.Байлардың конфескелеп малын алып,астыққа кеңірдектен салық салды.Бұрынғы жастар үлкенді сыйлап,құрмет көрсететін-ді.Ал сол жылдары патша тақтан кетіп,қызылдардың саясаты келіп жастарды азғырды.Аштыққа шыдамай,жеуге тамақ таппай адамдар бозып кетті.Əр жерден аштан өлген адамдардың қан сасыған денесіндегі иісі ауа арқылы ажалдың келгенін сездіретін.Сай-салада жатқан сүйектерді басқан сайын, "Жер-Ананың бетін соңғы рет басқан сияқты" көзіңнің алдын жасауратып əкететін.Ойлаудың өзі денеңді тітіркендіріп,тұла бойыңды шымырлатады.Зұлмат кезеңінде бір уыс бидайға зар болған адамдар қаншама.Бір уысқа бола қыздарын сатып жіберіп,бала-шағаларын тастап кететін.Əрине,аш адам не істемеді дейсіз?

Голощекиннің:"Асыра сілтеу болмасын,аша тұяқ қалмасын" деген заңы қазағымды үлкен қайғы-қасіретке алып келді.Бұл жалған дүниенің бірде-бір құпиясын қалдырмай сипаттаған кітаптан түйіндегенім осындай. Ал сіз ашаршылық жайлы білесіз бе?

Тұрғанбек Бибіфатима


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (2)

Қарақат

Молодец

Гүлдана

Ия дұрыс айтасың

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз