Өлең, жыр, ақындар

Зорлық-зомбылықсыз əлемді қалай құруға болады?

"Зорлық-зомбылықсыз əлем" дегенде көз алдыма ең бірінші уайымсыз-қайғысыз балалық шақ,тату-тəтті отбасы өмірі елестейді.Бірақ,сол елестеткен дүниелелерім сағымға айналып бара жатқан секілді,бұлыңғырланады да тұрады.Əлемді зорлық-зомбылықсыз қалай құруға болады? Əрине,бар.Жауапсыз сұрақ болмайды емес пе?

Зорлық-зомбылықтың бастау алуы отбасынан басталады.Отбасындағы ұрыс-керіс,эмоциялық-физикалық зорлық,психологиялық қорқытушылықтың барлығы бақытсыз балалық шаққа арқау болып,əлемдегі зорлық-зомбылықтың көбеюіне өз септігін тигізеді.Отбасында осындай келеңсіз жайттарды көріп өскен бала ата-анасынан үлгі алып,болашағында соны қайталайды.

Елімізде зорлық-зомбылыққа қарсы 20 дағдарыс орталығы бар екенді-мыс.Статистикалық мəліметке қарағанда елде жыл ішінде 500-дей əйел мен бала тұрмыстағы зорлық-зомбылық құрбаны болады екен.Бұл статистикалар біздің бұл мәселеге көп уақыт бөлмей "ешқандай зардабы жоқ" деген ойымыздан туындаған нəтиже деп ойлаймын.Осыған орай,25 қарашада бүкіл жер-шарында әйелдердің қоғамдық ұйымдары зорлық-зомбылыққа қарсы халықаралық іс-шаралар өткізеді.Он жылдай болып қалған бұл күн,халықаралық зорлық-зомбылықты жою күні деп танылды.

"Сүтпен кірген сүйекпен кетеді" демекші,бала жасындағы қателіктерді дер кезінде түзеп,адам өміріндегі зорлық-зомбылықтың көбеюіне жол бермейік.Ұлтымыздың қанындағы асыл қасиеттерді жандандырып,зорлық-зомбылықсыз əлем құрайық.

Тұрғанбек Бибіфатима


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз