2023 жылы 1 сыныптарға латын графикасына негізделген қазақ әліпбиі енгізіледі

Басты бет / Білім, ғылым, мәдениет / 2023 жылы 1 сыныптарға латын графикасына негізделген қазақ әліпбиі енгізіледі

2023 жылы 1 сыныптарға латын графикасына негізделген қазақ әліпбиі енгізіледі — Білім, ғылым, мәдениет бөліміндегі материал. Бұл беттен тақырыптың мазмұнын оқып, негізгі ойымен таныса аласыз.

Егер сіз 2023 жылы 1 сыныптарға латын графикасына негізделген қазақ әліпбиі енгізіледі бойынша ұқсас материалдар іздесеңіз, төменде берілген байланысты сілтемелерді де қарап шығуға болады.

2023 жылдан бастап 1 сынып табалдырығын аттаған балалар латын графикасына негізделген қазақ әліпбиімен білім ала бастайды. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы Әділбек Қаба айтты.

«Өздеріңізге белгілі, жақында Үкімет жанындағы Ұлттық комиссияда жетілдірілген латын графикалы қазақ әліпбиі қаралып, мақұлданған болатын. Ғалымдарымыз бұл бағытта 1,5 жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеді. Әліпби бүкіл республика бойынша ашық талқыланып, сынамалар, бейімдеу жүргізілді. Сөйтіп, әліпбиіміздің жазылуы, оқылуы, қолданысы жан-жақты зерделенді. Бұл әліпби алдағы уақытта Президент қарауына ұсынылады. Бекітілген жағдайда алдағы уақытта кестеге сәйкес кезең-кезеңімен латын әліпбиіне көшу жұмыстары жүргізіледі», - деді комитет төрағасы «Мемлекеттік тіл – халықты ұйыстыру құралы» тақырыбындағы отырыс барысында.

Оның атап өтуінше, биыл латын графикасына негізделген қазақ әлібиін жетік білетін мұғалімдер даярланып, орфографиялық, орфоэпиялық сөздіктер, анықтамалар әзірленеді.

«Яғни, 2021 жыл латын графикасына негізделген қазақ әлібиін оқытуға дайындық жылы болып есептелінеді. 2022 жылы балабақшада тәлім-тәрбие алып жатқан балалар оқи бастайды. Ал 2023 жылдан бастап 1 сынып табалдырығын аттаған балалар латын графикасына негізделген қазақ әліпбиін оқиды. Демек, 2031 жылы латын графикасына негізделген қазақ әліпбиінде білім алған алғашқы түлектеріміз мектеп бітіріп, үлкен өмірге аяқ басады», - деді Әділбек Қаба.

Айта кетейік, аталған отырыстың мақсаты – Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Ұлттық комиссия мақұлдаған жетілдірілген латын графикасындағы қазақ әліпбиі мен емле ережелерін қоғамда кеңінен насихаттау және жаһандану кезеңіндегі қазақ тілін дамыту мәселелерін талқылау.



WhatsApp Telegram

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас материалдар

Жиі қойылатын сұрақтар

2023 жылы 1 сыныптарға латын графикасына негізделген қазақ әліпбиі енгізіледі туралы не білуге болады?

Бұл бетте 2023 жылы 1 сыныптарға латын графикасына негізделген қазақ әліпбиі енгізіледі тақырыбына қатысты негізгі мазмұн берілген.

Бұл материал қай бөлімде жарияланған?

Материал Білім, ғылым, мәдениет бөлімінде жарияланған.

Осыған ұқсас материалдарды қайдан көруге болады?

Тақырыпқа жақын басқа материалдарды төмендегі қатысты сілтемелер мен бөлім беттері арқылы қарай аласыз.

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Білім, ғылым, мәдениет бөліміндегі басқа материалдар 2023 жыл тақырыбындағы материалдар 1 сынып тақырыбындағы материалдар Латын графикасы тақырыбындағы материалдар қазақ әліпбиі тақырыбындағы материалдар Латын әліпбиі тақырыбындағы материалдар