Алматы қаласы Түрксіб ауданы №84 жалпы білім беретін мектептің өзін-өзі тану пәні мұғалімдері
Гаухар Манкуова, Ақнұр Ермахан
Тұлғаны өзімен үйлесімділікте дамыту – қазіргі күннің басты бағыттарының бірі. Мейірімділік пен сүйіспеншілік, махаббат пен сенім арналарының тоғысуын ғылым ретінде қарастыратын «Өзін-өзі тану» пәнінің мектеп оқушылары үшін тағылымдық және өнегелік астары мол. Сондықтан осындай бағыттағы іс-шараларды республика көлемінде бір уақытта, бір мезгілде қатарластыра алып, өзара келісімде өткізуді біраз жылдан бері дәстүрге айналдырып келе жатқан «Өзін-өзі тану пәнінің онкүндігі» биыл ерекше датамен – Сара Алпысқызының 80 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келді. Аталған бұқаралық ауқымдағы іс-шараға Алматы қаласы Түрксіб ауданы №84 жалпы білім беретін мектептің өзін-өзі тану мұғалімдері де сүбелі үлестерін қосып, жоспарға сай іс-шаралар өткізді. 1-ақпан күні онкүндік салтанатты түрде ашылып, кітапханашы И.Калмыкованың «Мейірім төгетін ана» атты кітап көрмесіне ұласты. Ш.Джакупованың «Адамгершілік-рухани білім берудің 12 қадамы» атты қабырға бұрышы, Г. Манкуованың «Алтын жүрек анамыз» атты эссе байқауы, А.Арапбаева мен А.Ермаханның ұйымдастыруымен «Алтын жүрек» атты мәнерлеп оқу сайысы, М.Адамбекованың «Адамгершілік пен руханияттың мөлдір бұлағы» атты 2-4 сыныптар арасында сурет көрмесі, әлеуметтік педагог Б.Ержанованың «Алтын жүрек: қол ұшыңды соз» атты іс-шарасы, сонымен қоса «Жүректен жүрекке» қамқорлық акциясы, С.А.Назарбаеваның 80 жылдығына арналған кинофильмдер көрсету, әлеуметтік жобалар жасау, өзін-өзі тану пәні мұғалімдерінің ашық сабақтары сынды түрлі форматты қамтыған онкүндік ерекше өткізілді. Оқушылар белсенділікпен қатысып, шығармашылық қабілеттірінің жоғары деңгейін көрсетті. 12-ақпанда онкүндіктің жабылу салтанатында өткізілген іс-шараларға талдау жасалып, С.А.Назарбаеваның өмірі мен қызметі жайлы танымдық материалдар ортаға салынды.
Тұлғаның үйлесімді дамуы мен жағымды ортасын қалыптастыру мақсатындағы «Өзін-өзі тану» онкүндігінің мектеп өміріндегі маңызын айқындай келе, бағдарлама авторы С.А.Назарбаеваның 80 жылдығымен құттықтаймыз! Өміріміз өрісті, шығармашылығымыз келісті болсын!
Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі