Жасанды интеллект - машиналық оқыту және нейрондық желілер арқылы тәжірибе негізінде дамып, түрлі тапсырмаларды өздігінен орындайтын жүйе. Оның тарихы ғылым, инженерия және философия салаларының тоғысында қалыптасқан ұзақ әрі қызықты үдеріс. Бүгінде жасанды интеллект қарқынды дамып, қоғам өмірінің барлық саласына еніп келеді. Статистикаға сүйенсек, елде 900 мыңнан астам адам жасанды интеллект технологияларын меңгергені анықталды. Алайда, кез келген технология секілді, ЖИ-дің де пайдалы тұсымен қатар жағымсыз жағы да бар. Мысалы, кейбір оқушылар мен студенттер берілген тапсырманы ChatGPT, Gemini секілді құралдар арқылы орындауға дағдыланып барады. Бұл адамның өз бетінше ойлау қабілетін бәсеңдетіп, талдау жасап, қорытынды шығару мүмкіндігін төмендетеді. Жасанды интеллект мәтін жазып, сұрақтарға жауап бере алғанымен, қоғам арасында эмоцияны шынайы сезіне алмайды. Себебі шынайылық сезімі – тек адамға тән қасиет. Технологияның қарқынды дамуына байланысты болашақта мамандық саны азайып,адамды роботтар немесе бағдарламалардың алмастыруы әбден мүмкін. Сондай-ақ, жасанды интеллектті қолдануда қарт адамдар жиі қиындықтарға тап болады. Алаяқтар жалған хабарламалар мен жасанды дауыстарды пайдалану арқылы сенімге кіріп, үлкен қауіп төндіруі мүмкін. Дегенмен, жасанды интеллекттің пайдалы жақтары да аз емес. Ол уақытты үнемдеуге, күрделі тақырыптарды жеңіл түсіндіруге, ақпаратты жылдам өңдеуге және шығармашылық бағытта жаңа идеялар ұсынуға көмектеседі. Жасанды интеллект адамға қауіп төндіретін емес, дұрыс әрі саналы қолданылған жағдайда пайда әкелетін заманауи құрал. Ең бастысы оны саналы түрде қолдану.
- Конфуций
- Конфуций
- Эдвард Дж. Стиглиц
- Нельсон Мандела
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі