Өлең, жыр, ақындар

Ұлттың өзіндік санасы

Әлемде екі мыңнан астам ұлт өкілдері тұрады. Әрбіреуі бір-біріне мүлдем ұқсамайды. Оларды бір – бірінен, қайталанбас, айрықша қылатын оның тілі, діні, ділі, салт – дәстүрі, әдет – ғұрпы. Ал осылардың барлығы ұлттық сананы құрайды. Осы әр халықты өзіне ғана тән сана – сезімінің қалыптасуына нелер әсер етеді?

Ең алдымен, ұлттық сана сөзінің мән – мағынасына тоқтала кетсек. Бұл сөзді естігенде менің ойыма ұлтымыздың болмысына сай рухани құндылықтарымыз келеді. Тәрбие, менталитет, патриотизм, салт – жоралғылар, ырым – тиымдар. Осылардың барлығын қалыптастыратын ең бірінші құрал – ана тілі деп білемін. Себебі, сол арқылы халқымызға тән қасиеттер бойымызға дариды. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай: “Мемлекеттің ең басты дүниесі тек қана байлық емес, сонымен қатар ана тіліміздің болашағы”. Оған тек адамдармен қарым – қатынас құралы деп емес, өлшеусіз қазына және ұлттың жан дүниесі деп қарауымыз керек.

Ал ұлттық сананың негізгі тірегі – тарихымыз. Өйткені, адам өзінің өмірге келгендегі мақсатын білу үшін тарихына көз жүгіртіп, ата – бабаларын білу міндет. Өткен ғасырдың соңында репрессия кезінде құрбан болған аталарымыздың “Алаш қайраткерлерінің есімдерін жаңғырту мақсатында олардың мерейтойларын мемлекет көлемінде атап өту қолға алынды. Бұл ұлтымыздың тарихын ұмытпай, сақтап қалуға зор ықпалын тигізуде. Осы орайда  Елбасымыздың “Мәдени мұра” атты бағдарламасын айтпасқа болмас. Ол тарихымызды жандандыруда үлкен серпіліс берді. Себебі, бұл бағдарламаның мақсаты ұлт тарихы үшін маңызды деректер мен жәдігерлерді қалпына келтіріп, басқа да шет елдерге қазақ халқының ата – бабмыздан мұра болып қалған  ескерткіштерімізді насихаттау еді.

Қорытындылай келсем, ұлтымыздың сана – сезімінің мәнін түсіну әр жеке тұлға үшін өте маңызды. Ал оны түсіну үшін отбасындағы ұлттық тәрбие үлкен рөл атқарады. Сәби болғаннан бастап, бесік жыры арқылы да қазақ халқының құндылықтары бойына сіңіп , санасы қалыптаса бастайды. Сондықтан да, баланың тәрбиесіне немқұрайлылық танытпай, жеткілікті түрде көңіл бөлуіміз шарт. Өйткені, ұлттық сана – сезімнің қалыптасуы тәрбиеден бастау алды.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар