Өлең, жыр, ақындар

Ашаршылық кезеңі

Сол ескерткіш бейнелеп аштық жылын.
Еске салар аштықтың құрбандығын.
Ақ таңдақтың айқара бетін ашып,
Қара жүзін аярдың етер жырым.
Өлісін тірісіндей ардақтаған,
Еліме Алла өзі төккей нұрын.

- деген Сүлеймен Баязитовтың аштық кезіне байланысты жазылған өлең жолдарымен бастағым келеді. Біздің халқымыз бастан көптенген ауыр оқиғаларды кешірген, солардың ішіндегі ең ахуал алғаны ашаршылық болды. Ашаршылық кезінде миллиондаған адамдар қаза тапты,қазақ халқы күрт азайды. Жарияланған деректерде кеңестiк билiктiң алғашқы 1920- 1930-жылдарында қазақтар 4-4,5 млн. адамынан айырылған. 1921-1922-жылдардағы аштық кезiнде 1 млн. 700 мың адам қайтыс болды Мұхтар Әуезовтің мәліметі бойынша, 1932-1933-жылдары 2 млн. 300 мыңға жуық адам құрбан болған. Соңғы мәліметтерде, «1920 жылдардағы ашаршылықтан қайтыс болғандардың саны 2,3 млн. адамға жеткені»  деп жазылған.

Тіпті бұл оқиға туралы шет ел тарихшысы Р.Конквест  мынандай тұжырымдама жасаған«Қазақ­стан­дағы ашаршылық қолдан жасалды, басқаша айтқанда 1921 жылғы тәсілмен қайталанғанын, таза идеологиялық қы­сыммен, ойластырылмай жүргізілген ұжым­дас­тыру саясатының нәти­же­сінде туындаған. Бірақ, Қазақстандағы ашар­шы­лық Украинамен салыс­тыр­ғанда әдейі ұйым­дастырылды деуге болмайды. Өйткені, Кеңес өкіметінің қоғамның барлық саласын­дағы әрекеті, өзара байланысты: кулактарды тәркілеу, ұжымдастыру және ауылдағы жасанды ашаршылық» деген айтты.

Тарихшы А.Н.Алексеенконың айтуынша «...әртүрлі есептеулер мен түзетулерге сүйенгенде 1930 жылғы қазақ халқының қырылуы 1 млн. 840 мың адам немесе жалпы қазақтың 47,3 пайызын құрайды. Бәрінен ең көп қырылған республиканың шығысының қазақтары болды. Бұл жақта 379,4 мың адам немесе 1930 жылғы халықтың 64,5 пайызын құрады. Бұл аймақтың халқы көрші елдерге Ресей мен Қытайға жаппай ауып көше бастады. Солтүстік Қазақстан аймағы қазақтардың жартысының көбінен - 410,1 мыңнан немесе 52,3 пайызынан айрылды. Батыс Қазақстан 394,7 мың немесе 45,0 пайыз, Оңтүстік - 632,7 немесе 42,9 пайыз қазақтан айрылды. Аздау өлім Орталық Қазақстанда - 22,5 мың немесе осы аймақтың 15,6 пайызы орын алды. Басқа халықтарда да шығын аз болған жоқ: украиндер - 200 мың (23 пайыз), өзбектер - 125 мың (54 пайыз), ұйғырлар - 27 мың (43 пайыз). Тек қана 1931 жылда 1 млн. 30 мың адап көшіп кетті, оның 616 мыңы қайтқан жоқ. Жүздеген мың қазақ Қытай жағына қашты. Олардың көп көшкендігі сонша Қытайда 1954 жылы Іле-Қазақ автономиялық округі құрылып, орталығы болып Құлжа қаласы белгіленді.

ХХ ғасырдың 20-шы және 30-жылдарының алғашқы жартысындағы Қазақстанның саяси-экономикалық және әлеуметтік өмірі туралы, сондай-ақ осы тарихи кезеңнің халық тарихында алатын орны жөнінде жарықвкөргенафильмдерааз  емес. Ол фильмдер сол уақытта өмір сүрген және осы қиын уақытты өз басынын өткізген отбасылар мен жеке адамдар туралы. Сондай фильмдерің бірі Бес бөлімнен тұратын "Зұлмат" деректі фильмінде қазақстандық тарихшылардың 1921-1922 және 1931-1933 жылдардағы екі ашаршылық және оның себептері жайлы нақты деректері рет-ретімен көрсетілген. Фильм әдебиеттанушы Мекемтас Мырзахметовтің естелігінен басталады. Ол аштық белең алған кезде ит-құс көбейіп, адамға шабуыл жасағанын, сондай кездердің бірінде сәби қарындасын тастап, өзін алып кетуге мәжбүр болған анасы жайлы естелігін айтады. Фильмде 1931-1933 жылдардағы ашаршылық кезінде Қазақстанды басқарған Филип Голощекиннің орнына тағайындалған Левон Мирзоянның Мәскеуге жазған құпия хаты да келтірілген. Осы құжаттағы "Мирзоянның Қазақстандағы жағдайдың ауыр екенін біліп келгені, бірақ ахуалдың дәл осындай қиын екенін білмегені, жергілікті жерлердегі лауазымды қызметкерлер азық-түлікті халыққа бермей, талан-таражға салуға" тырысқаны жайлы дерек те назар аудартады.

Сонымен қатар 2017 жылдың қарашасында «Ашаршылық» фильміннің түсірілімі басталып, 2018 жылдың ақпан айында аяқталды. Бұл фильмде ашаршылықтан зардап шеккен отбасының оқиғасы баяндалады. 12 адамнан тұратын бір үлкен отбасы жұт кезінде толығымен қырылып қалады екен. Отбасы жеуге жарамды деген дүниенің барлығын жеді. Жануарлардың ескі терісінен бастап, сүйектеріне дейін қайнатқан. Ал үйде мүлдем еш қорек қалмаған кезде анасы қазанға құр су құйып,балаларын сорпа пісіріп жатырмын деп алдаған. Балалары жақында тамақ дайын болады деп ұйқыға кете берген, ал анасы болса балаларының қайта оянбайтынын біле тұра таңды күтеді.

1931-1933 жылдардағы ашаршылық — бұл адам қолымен қасақана жасалған ең үлкен қылмыстардың бірі. Ашаршылық салдарынан қазақ халқының 70 пайыздайы қырылып, 1,5 милионнан астам адам туған жерінен қашып, шекара асуға мәжбүр болды. Бұл не үшін жасалды деген сұрақ болса, қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі өмір салтынан күштеп ажырату және мәжбүрлеп отырықшыландыру деген жауап аламыз.Дегенмен осындай қиыншылықтарға қарамастан, біздің ата-бабаларымыз барлық қиыншылықтарды жеңе білген.

У.М.Джолдыбаева- тарих ғылымдарының кандидаты, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің доценті

Еркенова А.К.- Шығыстану факультеті, шетел филологиясы мамандығының 1-курс студенті


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз