Өлең, жыр, ақындар

Ең алғашқы салалық баспа - «Абай» журналы

Қазақ баспасөзінде ойып тұрып орын алған алғашқы салалық баспа-«Абай»журналы. 1918 жылдың ақпан айының 4-і күнінен бастап, Семей қаласында шыға бастады. Редакторы белгілі қазақ жазушысы, драматург, публицист, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың  бірі-Жүсіпбек Аймауытов еді. ”Журналдың атын«Абай»қойғандық қазақтың баласына ат қойғаны сықылды. Журналымыз Абайдай болсынщың деп еліктегендік емес, Абайды құрметтеп, атын тарих жүзінде көркейтіп, нығайтпақ”-деп Ж. Аймауытов “Журнал туралы”атты мақаласында журнал атауының не себепті олай аталуына жауап бере кеткен екен. Журнал шығару жайында бірінші ұсыныс 1914 жылы қазақ зиялылары арасында қабылданған, сонымен қатар ұлы ақын-Абайдың өмірден өтіуіне байланысты Семейде болған үлкен жиын басында журналды шығару туралы шешім қабылданған. Десекте, бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуы мен Ресейдің отарлау саясаты белең алуы секілді себептерден алғашқы нөмірі баспадан біраз уақытқа дейін шыға қоймады. Басылым негізінен оқу-ағартушылық бағытты алға тартты. Журнал беттерінде Жас түрік, М. Ә. , Екеу деген секілді лақап аттар кездеседі. Бір қызығы, тіпті әдеби шығармалардың авторларының да есімдері көрсетілмеген. Ж. Аймауытов пен М. Әуезов "Екеу" деген лақаппен редакторлық жасады, осыдан журналдың қоғамдық маңызын бірден аңғаруға болады. Алғашқы санынан бастап Абай тануға, оның шығармашылығын үгіттеп, саяси-әлеумет, экономика секілді қоғамдық мәні  зор тақырыптарды басты назарда ұстады. Алаш зиялыдарының ағартушылық бағыттағы түрлі мақалалары шығып тұрды. Олардың ішінде Шәкәрім Құдайбердіұлы, Сәбит Дөнентаев, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Смағұл Садуақасовтар жазған мақаладары арқылы  әрдайым оқырман көңілінен шыға білді.                                                                                                                                                                              

 «Абай»журналының меценаты болған. Ол Семей қаласындағы ет және тері өнеркәсібінің негізін салушы, Мәскеуден алған бірінші гильдияды көпес құжаты бар бай миллионер-Қаражан Үкібаев. Қаражан Үкібаевпен Мұқтар Әуезовтың кездесуі, Үкібаевтың журналға демеуші болуына себеп болған.

Суреттегі Қаражан Үкібаев

Алғашқы саны 900 дана болып  шыққан, журналдың алғашқы сандары 16-21 беттен басылған. Журнал 1918 жылы қарашада соңғы 11санынан кейін жабылып  қалды. 12 саны туралы нақты ақпараттар болмаған. Радио саласында көп жылдар еңбек еткен Алтын Акынбетова  12санын Алматыдағы Мұқтар Әуезовтың мұражай-үйінен тапқан. Араб әріпінен кирил қаріпнеде жазылды, және 1 ай уақыт кеткен көшіруге. 12санында М. Әуезовтың шыққан мақалалары, Жұмабаев пен Торайғыровтың өлеңдеріде басылған екен. Бүгінгі таңда журналға 103 жыл толып отыр. Жалғасы ретінде қайтадан 1992 жылдан бастап жаңа "Абай" деп шыға бастаған. Тәуелсіздік жылдарынан бері тынымсыз 29 жыл қызмет атқарып келеді. Сөз соңында "Төлеген Мұсабековтың:Өткенін білмеген елдің болашағы бұлыңғыр"-деген сөзімен аяқтағым келеді. Бар жаңалықтың жаршысы болған басылымдарымызды ұмытпайық ағайын!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз