Өлең, жыр, ақындар

Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арналған кеш

Мұқағали Мақатаев – Қазақ поэзиясының көгінде кешегі майдангер, ғажайып дарын иесі. Биыл ХХ ғасырдың қазақ поэзиясын жаңа биіктерге көтерген Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл болды. Бұл ақын біздің елімізде және де қазақ поэзиясында ерекше орын алады. Тіпті, қазір де оның өлеңдерін сүйсініп оқиды, оған арнап еске алу кештерін өткізеді.Осы Мұқағалидың 90 жылдығына байланысты Шығыстану факультетінің қытайтану кафедрасының шетел филологиясы(қытай тілі) мамандығының кураторы Шарыпқазы Нұртәліптің жетекшілігімен он бесінші ақпанда студенттермен ақынға арнап зум платформасы арқылы онлайн форматта кеш өткізілді. Кеш барысында студенттер Мұқағалидың өлеңдерін айтты. Жалпы Мұқағали атамыздың әсерлі жырлары әр қазақтың жүрегін жаулап алды. Сондықтан да осындай ақынына халқы «Ғасыр ақыны» деген ат берді. Ақынның сөзі өлмесе, өзі де өлмегені. Мұқағали – жалпыхалықтық, ұлттық тұлға. Әрбір өлеңін оқығанда, оның қазақ екенін жазбай танисың, ұлт ақыны екенін айқын аңғарасың.
Іс- шараға барлық 54 студент қатысып атсалысты.Кеш өте әсерлі өтті. Мұқағалидің өлеңдері әрқашан да халықтың  жүрегінде мәңгі сақталады. 

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Шығыстану факультеті, қытайтану кафедрасының 3 курс студенті

Калиева Назым 

Жетекшісі Шарыпқазы Н.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.


Қарап көріңіз