"Тәрбие басы тал бесік"деп қазақ бекер айтпаған. Бала біздің ертеңіміз, болашағымыз. Сондықтан біз ертеңіміз үшін, жарқын болашақ үшін, өміріміздің жалғасы ұрпақтарымызды ұлағатты тәрбиелеуіміз керек. Ол тәрбие тал бесіктен басталады. Олай дейтін себебі, баланың анасы баланы бесікке бөлеп отырып, тербетіп отырып, өзінің баласына деген махаббатын, тәрбиесін ана әлдиімен жеткізеді. Осы бесік жырының маңызы аса зор. Ол ұлттық дәстүрлерді, адамдық қасиеттерді, адамзатқа тән барлық жақсылықтарды баланың бойына бесіктегі кезінен бастап сіңіреді. Сондықтан "Тәрбие басы-тал бесік",- деген ұғым қалыптасқан.Тектілігі тереңге тамырланған қазақ халқы бала тәрбиесіне баса назар аударған. Ұлтымыз қашан да баласының рухани жағынан бай болуына көңіл бөлген. Сәби дүниеге келгеннен бастап, оның ойлы, дене бітімінің дұрыс қалыптасуына, ақыл - ойының жетілуіне назар аударған. Кішкентайынан бала бойына адалдық, әділдік, мейірімділік, адамгершілік сияқты бар ізгі қасиеттерді сіңіруде..Қазіргі қоғам жан-жақты үйлесімді жетілген жаңа ұрпақты – жаңа адамды тәрбиелеуді талап етеді. Қоғам талабы – заман талабы. Өйткені «Әр адам – өз заманының баласы». Сол себепті адамды заман билейді, заманына сай заңы туындайды. Бала тәрбиесіндегі негізгі де маңызды роль ата-аналарда. Ата-ана отбасында өздерінің күнделікті жұмысы, тындырған ісі туралы бала-шағасының алдында айтып, әңгіме-дүкен құрады. Бірте–бірте балалары да өз жаңалықтарын ортаға салып, айта бастайды. Осылайша жанұя мүшелерімен сенімі, сүйіспеншілігі, достық қатынастары нығая түседі. «Жанұяға қарап бала өседі, қарағайға қарап тал өседі» деп тегін айтылмаған болса керек. Ата-ана баламен тілдесуде, пікірлесуде бейауыз сөздерді қолданбай, дөрекілікпен жеке басын қорғамай, мейірімді, табиғи, жылы, ақылды сөздер айтып өнеге бола білсе, тәрбиеде табысқа жетеді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі