Өлең, жыр, ақындар

Ахмет Байтұрсынұлы – еркіндік пен тәуелсіздік жолындағы күрескер

Ахмет Байтұрсынұлы - өз заманының ағысына қарсы тұра білген дара тұлғалалардың бірі. Қазіргі таңдағы қазақ жастары ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы туралы кей тың деректерді білмеуі мүмкін. Біз студенттік шағымыздың соңғы айларында университет тарапынан А.Байтұрсынұлы мұражай-үйіне өндірістік тәжірибеге бардық. Қазақ әдебиетінің шарықтап дамуына үлес қосып жүрген оқытушыларымыз Имаханбет Райхан Сахыбекқызы мен Мекебаева Лейла Адамқызы өндірістік тәжірбиеміздің жетекшілері болды. Осы тәжірбиені жан-жақты жүйелі түрде өткізу арқылы бізге, яғни әл-Фараби атындағы  Қазақ Ұлттық университетінің білім алушыларына ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының дара тұлғасын тереңірек танып білуімізге үлкен мүмікіндік туды.

Қазақ халқының ағартушысы және болашақ ұрпақтың жарқын өмір сүруіне өз өмірін жолын арнаған ғалым. Ол өз замандастарының алды бола білген өткір тілді ақын. Адамның ойын, сезімін өлең жолдары арқылы білдіре білген. Ахмет Байтұрсынұлы қазақ елінің келешегін тәуелсіздік жолындағы күреске бағыттаған халықтың рухани жетекшісі. Халық үшін, халықтың мәдени-әлеуметтік болмысын көтеру үшін қызмет еткен дара тұлғамыз.

Халықты ағарту баладан, мектептен және отбасынан бастау алады. Ең алғаш рет қазақ халқының жарқын және мінсіз болашағы үшін қазақ тілінде әліппе кітабын жинақтаған Ахмет Байтұрсынұлы еді. Қазақ балалары мен жастарының  көзі ашық, көкірегі ояу, сауатты азамат болып шығуға өз қажыр қайратын аямаған ғалым. Қазақ тілінде алғаш баспа бетін көрген әліпби осы сөздердің бәріне дәлелдеп толықтай мақтанышпен айта аламыз.

Ахмет Байтұрсынұлы – ХХ ғасырдың бірінші ширегіндегі қазақ мәдениеті мен әдебиетіне еркіндік пен тәуелсіздік жолындағы күрес идеясын жеткізе білген ақын. Бұл сөзімізге дәлел оның 1911 жылы Орынбор қаласында  «Маса» деген атаумен жарық көрген поэтикалық еңбегі. Еңбекте біріншіден толықтай қазақ халқының ауыр тұрмысы, құқықсыз, надандықтан бой көтере алмауын сипатаса, екіншіден қарапайым қара халықты туын білімге, ғылымға тігуге үндейді. Ақынның замандастарының бойында ояна қоймаған еркіндік пен тәуелсіздік сезімін оятуға деген ерік жігері ерекше болды.

Қазақ халқының білімді және сауатты болуына жола аша білген. Ерте кездерден бері қолданылып келген  қарапайым қара сөздерді жаңғыртып, елдің санасына қалыптастыру басты мақсаттарының бірі болды. Көкейіндегі жинақталған ойды ұтқыр және көркем сөздермен ана тіліміз арқылы жеткізе білген. Шығармаларында берілген сөздердің өзі адамның көңіліне талпыныс және қиялына үшқырлық береді. Қазақ тілін болашақ ұрпақтарға жаңғырған қалпында, басқа тілдерден биігірек ұстап, тазалығын сақтауға аманаттады. Ахмет Байтұрсынұлының қажырлы еңбегінің жемісі қазіргі қазақ мектептерінде қазақ тілін пән ретінде үйрететін оқулықтар жазумен ұласты. Ол қалыптастырған әдеби-теориялық терминдер мен ғылыми еңбектері осы күнге дейін қазақ халықына қызметін жалғастыруда. Әдебиетші ғалымның гауһардай асыл сөздері мен тәрбиеге толы, адамдық қасиеттерді жан-жақты  сипаттап жазған өлеңдері бәрі - бәрі болашақ ұрпаққа келешегіне керек түзу жол. Қазақ тілін әсем сөздермен көмкере білген және ол өз еңбектерімен басқа да елдерге танымал бола білді.

Қазақтың халық болып қалыптасуына үлкен үлес қоскан Ахмет Байтұрсынұлы орыс халқының атақты жазушыларының халық арасына кең тараған еңбектерін қазақ елінің ана тіліне аударып, өзінің халыққа шамшырақ екенін дәлелдей білген. Басқа халық ақындары мен жазушыларының үздік өлеңдері мен мысалдарын өз ана тілімізге аударды. Қазақ тілінде А.С. Пушкин, М.Ю.Лермонтов, С.Я.Надсон, Ф. Вольтер өлеңдерін аударды және бұл аудармалар тақырыптық, идеялық-көркемдік деңгейлері жоғарғы шығармалары болды. Артына өшпес із қалдыра білген және жас ұрпақтың келешегі үшін жанын берген дана тұлға.

Қазақ әліпбиінің атасы, түркі тілтану ғылымының ағартушысы ғалымның мұрасы  жаңа уақыттағы, жаңа заманғадағы жас ұрпаққа және қазақ халқына қызмет етуде. Ахмет Байтұрсынұлының ұлттым деп соққан жүрегі, оқуға, білімге деген ынтаcы қазіргі жаңа замандағы қайсар жас ұрпаққа өте қажеті дүниелер.

Егизбаев Жазира, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, филология факультетінің 4 - курс студенті 

Мекебаева Лейла Адамқызы ф.ғ.к, аға оқытушы


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз