Telegram Android және iOS жүйелеріне арналған 7.6 нұсқасын шығарды. Мұндағы басты жаңарту дауыстық чаттарға жасалынған.
Енді дауыстық чаттарды Telegram-дағы арналарда (каналдарда) құруға мүмкіндік берілді. Бұған дейін яғни 2020 жылдың желтоқсан айынан бастап Telegram-да дауыстық чаттар тек топтарда ғана қол жетімді еді. Оған қоса бұдан былай тыңдаушылар санына да ешқандай шектеу жоқ.
Тікелей эфирдегі әңгімелерді бір уақытта миллиондаған адамдар тыңдай алады. Бұл арқылы әрбір Telegram канал енді (өз алдына жеке) толыққанды радиостанция бола алады.
Сонымен қатар, қосымшада дауыстық чаттарды жазып сақтап алу функциясы да енгізілген. Эфир аяқталғаннан кейін оны подкаст ретінде топқа жүктеуге болады.
Сондай-ақ енді ұзақ уақыттық дауыстық хабарламаларды тыңдаған кезде қай жерден тоқтасаңыз, тура сол жерден бастап жалғастырып тыңдауға мүмкіндік беретін функция да қосылды.
Қания Табыс
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі