Сенбе жұртқа тұрсада қанша мақтап,
Әуре етеді ішіне қулық сақтап
Өзіңе сен өзіңді алып шығар,
Ақылың мен еңбегін екі жақтап
Абай атамыз айтқандай өзгеге емес өзіңе сенуге тиіссің. Себебі бұл қысқа өмірдің авторы да, әрлеушісі де, барлық басты оқиғалардың продюсері де тек өзіңсің. Егер жетістікке жеткің келсе, арманыңа қадам басқың келсе басқалар демалып жатқанда, сен жұмыс жаса, талпын, оқы, еңбектен. Басқалары саған теріс пікір білдірсе, тыңдама. Себебі олар сен үшін, сенің өміріңді сүрмейді. Арманың барма? Мақсат қой соған жет! Алдыңнан шыққан қиыншылыққа, жеңіліске қарама. Ең мықты адам жеңген адам емес, ең мықты адам, жеңіліп қайта тұрған адам дейді. Осы сөздің мағынасын түсініп қарасаң, бәрі оңай болады. Мақсатқа жету оңай емес. Жолыңда түрлі сынақтар болады. Адамдардың айтқан ой пікірі сені қызықтырмасың. Бастадың ба, аяқта. Соңына дейін жеткіз. Олардың сөзі саған жүрмеуі тиіс. Арманда, мақсат қой, мақсат қойдың ба жет соңына дейін. Өміріңнің жалғыз авторы, иесі тек өзің екеніңді ұмытпа... Мүмкін бұл сөзді саған ешкім айтпаған болар, бірақ мен айтайын: Арманыңа жет, жеңіс шыңын бағындыр, өзің қалағандай өмір сүр.
Мен саған толықтай сенемін!
Төлеуханқызы Бұлбұл
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі