Қазақ халқының тікелей саяси – теориялық ой – білімі жоқ басшының келуімен байланысты бұл оқиға тарих сахнасында «Кіші Қазан» атауымен белгілі. Голощекиннің 1925 жылдан, яғни, басшы болған уақытынан бастап қазақ халқы Голощекиннің олқы- солқы саясатынан талай азапты күндерді басынан кешірді.
«Қазақ халқын кеңестендіру қажеттілігін» ұран етіп, «Кіші Қазан» революциясын жасауға бел буған еді – мыс. Голощекин мен оның қол астындағы яки төңірегіндегілер қазақ халқының әлеуметтік – экономикалық мәнін түсінбей, қазақ халқы Қазан революциясының шаңы да «тимегендігін» айтады. Капиталистік қатынас, рулық қауым үстемдігі, бай – шонжарлардың шабындық жерлерді иеленуі – басшысымақтардың көзіне бір үлкен қателік болғандай көрінді. Ал, мұның негізгі мәні, қазақ халқының негізгі шаруашылығы дәстүрлі мал шаруашылығы, мал екендігін ұғынбауы. Малы жоқ қарапайым қазақтарға жайылым қажет емес, керісінше малы бар байларға жердің қажет екендігін түсінбеуінде, төрт – түлігі болмаса, жайылымның қажеті жоқ екендігінде...
Осы қате ойдың жетегінде кеткен Голощекин реформа қабылдайды. Шабындық және егістік жерлерді бөлу науқаны 1926 жылдың шілде айында басталып кеткен еді. Қуанышқа орай, бұл реформаның сәтсіз аяқталғандығы жөнінде деректерден белгілі болып отыр және осы себептен кейін басшылардың орынан алынуы оқиғасы орын алған.
Бұл науқанды жүзеге асыра алмағанына «қапаланған» Голощекин, тіке және төте жолын, жазасыз халықтың қаны судай шарпып, сар даланы қан қақсататын жолды таңдады. Соның бір бағыты 1928 ж. 27 тамызда “Байлардың шаруашылығын тәркілеу туралы” және 13 қыркүйекте “Тәркілеуге қарсылық көрсеткені үшін қылмыстық жауапқа тарту және ірі, жартылай ірі феодалдарды көшіру туралы” деп аталған екі қаулының шығуы себеп.
Міне, қазақ халқының басына қарадай үйілген бұлттың жақын арада сейілмеуіне нақ кез осы болған еді. Реформа атауы бір бөлек тақырып болса, реформа іс жүзінде бай қазақтардың малын ғана тәркілемеген еді, ол жалшы, қарапайым жұмысшылардың күнделікті күн –көрісін көріп отырған кедей қазақтарының малын да тәркілеу еді. Міне, бағзы шаруашылығанан айырып, жесе – еті, ішсе – сусыны, мінсе – көлігі болған жалғыз тұяқ малынан айырылған қазақтың тірелген жері бір ғана еді – жұт.
Голощекиннің қолдан жасалған саясатының қатері тікелей қазақ халқының көзін жойып, бірде – бір тұқымын қалдырмау еді. Оның бұл мақсаты, өкінішке орай, жүзеге асып күні бүгінге дейін қазақ халқының саяси – экономикалық тұрғысына өз кері әсерін танытты.
Сұлтан Бағдат Сұлтанқызы
Журналистика факультеті
1 - курс студенті
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі