Өлең, жыр, ақындар

Тымақ және бөрік

Тымақ - ерлердің қысқы бас киімі. Оны аңның, малдың терісінен тігеді. Тымақтың мынадай түрлері болады: түлкі тымақ, елтірі тымақ, сеңсең тымақ, пұшпақ тымақ. Бұрын қазақ елі қай жүздің, қай рудың адамы екенін тымағына қарап та таныған, яғни арғын, жалайыр мен найман тымағы немесе Торғай, Семей тымағы деген үлгілері болған.

Тымақ - биік төбелі, маңдайы, екі құлағы бар, желке, жотаны жауып тұратын артқы етегі бар жылы бас киім. Сыртын берік, қымбат маталармен тыстайды. Екі құлағына ызбалы бау тағады. Етегін төбеге қайырып қою үшін, тымақтың артқы жағына тобылғыдан немесе берік ағаштан тиек (құрысқақ) жасап қадайды. "Ескілік" деген өлеңінде данышпан Абай былай деп жырлаған:
Күләпара бастырған, пұшпақ тымақ,
Ішкі бауын өткізген тесік құлақ.
Тобылғыдан кесіп ап, жіппен қадап,
Артын белге қыстырған бар құрысқақ.

Тымақ - қасиетті бас киім. Оны айырбастауға болмайды, оған аяқ тигізбейді. Жақсы кісілердің тымағы атадан балаға мұра ретінде қалып отырған. Бұрынғы кезде қазақтар шала туған баланы неше күні кем болса, сонша күн тымаққа салып, кереге басына іліп қоятын болған. Бұл - тымақтың қадірі мен қасиетін бейнелейтін көрініс.

Бөрік. Ұлтымыздың бас киімдерінің тағы бірі - бөрік. Бөріктің сырты мақпал, пүліш, барқыт сияқты қымбат маталардан тігіледі. Оның жазғы, қысқы түрлері де болады. Жиегіне қымбат бағалы аң және мал терілері ұсталады. Көмкерілген тері түрлеріне қарай кәмшәт бөрік, күзен бөрік деп аталады.

Бөрік үш, төрт немесе алты қиықтан құрылады да, тиісінше үш сай, төрт сай, алты сай делінеді.
Бұл бас киімді ерлер де, қыздар да киеді. Қыздар киетін бөрік дөңгелек төбелі немесе конус тәрізді биіктеу болып келеді. Сәндік үшін төбесіне үкі, жиегіне моншақ, шашақ, түрлі асыл тастар, түйме, оқа, зер, күміс тағылады.
Жас жігіттер мен сал-серілер, ақындар бөріктеріне үкі тағып, зерлеп, өрнектеп киген. Мысалы, Ақан сері, Біржан сал, Үкілі Ыбырай, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы бөріктерінің төбесіне үкі тағып жүрген.

Назар аудар:

Ұлттық киімдер

Қазақтың ұлттық киімдері

Сәукеле

Шапан

Бөрік туралы мақал-мәтелдер

Тымақ туралы өлеңдер


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (2)

Торкинбекова Алина

Ту Маган макал керек дурыс жазындаршы

Динара

Пайдалы ақпарат!

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз