Өлең, жыр, ақындар

Бүгінгі «Жұлдыз» журналы

Бүгінгі жұлдыз журналы түрлі бөлімдерден тұрады. Баспасөз бетінде әр бөлімге сай жарияланатын мақалалар жиынтығы құралған. Мәселен: Жас толқын, Түрік дүнниесі, Сырсандық, Сөз сәулесі, Проза, Поэзия бөлімдері. Поэзия бөлімінде   кезінде қазақ поэзиясына құбылыс болып келген көрнекті ақындар жайында, өлең-шумақтары мен сол мәнісінде мақалалар жарияланады. Журналдың алғашқы редакторы қазақтың біртуар ақыны Сәкен Сейфуллин болғандықтан сапалы әрі мазмұнды басылым деңгейіне көтерілді деп нық айта аламыз. Сонау бастауынан-ақ басылым бетінде қазақ әдебиетінің классиктері Б.Майлин, І.Жансүгіров, М.Әуезов, С.Мұқанов көп еңбек сіңірген. Ал қазіргі Жұлдыздың мазмұны да, дизайны да жаңаша өзгеріп, рухани жаңғыра түскен. Жұлдыз журналының ең бір ерекше тұсын айтып өтсем,  бұл журнал-ең алғашқылардың бірі болып латын қаріпіне көшуді бастаған басылым беті. Менің “ Жұлдыз” журналын шолу барысынан түйгенім басылым бетіне бос сөз, қисынсыз, мазмұнсыз жазылған мақалаларға жол жоқ екендігі. Баспасөз беті тек қана мән-мағынасы ауқымды, ауыз толтырып қозғарлықтай мәселелерге толы. Жұлдыз журналына 93 жыл толғалы отыр, осы мерзім аралығында сонау “Жаңа әдебиет” деген атауынан бастап оқырмандарын танымдық материалдарымен қашан да қуантып келеді. Мұндағы мақалаларды оқи отырып жан-жақтылыққа және білімге құштарлығың ашылады.. Мәселен журналдың “Білім” атты бөліміндегі “Үш тұғырлы тіл” атты мақаласын оқып, сол оймен толықтай қосылдым. Яғни бүгінгі таңның балаларына ағылшын тілін бастауыш емес тіпті балабақша жасынан бастап үйретуді жөн санайды. Мен бұл оймен толықтай қосыламын, себебі Ағылшын тілін ерте оқыған  оқушы  тілді емін-еркін қолданып, қарым-қатынас жасай алуды меңгеретін болады деп ойлаймын. Және айтар ойым ерте жастан ағылшын тілін оқыту оқушылардың коммуникативті даму біліктілігін арттырады, оған деген қызығушылығын оятуға мүмкіндік береді, бірден көп тілде сөйлеуге құштарлығы ашылады деп ойлаймын. Келесі кезектен көзіме оттай басылып оқуға құштар болған мақала өзіміздің ҚазҰУ-ымның деканы Сағатбек Медеубекұлының “Сырсандық” бөлімінде жариялаған “АҚЫН ТІЛІН АДАҚТАҒАН СӨЗДІК” атты мақаласы болды. Мақала Сағатбек ағамыздық абитуриент атануынан бастау алады. Ал жалпы мазмұны— Мұқағалидың ең болмаса бір өлеңін жатқа білмегені үшін ұялып, жанын жеген Сағатбек ағамыз туралы.Абитуриент  болу сәтінен бастап Мұқағали өлеңдеріне махаббатының ашылуы болды. Бұл мақаладағы ағамыздың “Мұқағалиды білмеу – Абайды білмегенмен бірдей намыс” деген сөзімен толықтай қосыламын. Себебі Мұқағалидің өлеңдері жаныңды ынтықтырар жыр, жүрегіңнің сонау төрінен орын алар құдырет деп айта аламын. Басылым беті атауы айтып тұрғандай жыр жұлдызы Мұқағали туралы көптеген мағлұмат жазады екен. Оған тағы бір дәлел Нұрлан Сәрсенбаевтың мақаласы. Бұл мақала мазмұны  қазақ тарихындағы ең оқырманы көп, қалың халық басты жанашыры болған жыр суреткері болған Мұқағали құдыреті туралы жеткізеді.“ Мұқағалидай ұлы тұлғаның қыры мен сырын шынайы танумыз үшін ізденіс және әлі де зерттеу қажет”,- деген ойымен қосыламын. Жұлдыз журналының 2020 жылдың қазан айындағы 10 саны ұлы Абайдың “ Өткінші көп өмір кеткен өтіп” атты өлеңімен және он жетінші һәм он сегізінші қара сөздерімен ашылған. Журналдың әрбір санын  оқи отырып нағыз жыр жұлдыздары туралы жазылған кереметтей мақалалар оқырып, оқып қана қоймай санаға біраз нәрсе тоқып, жан дүниеңізді байытар қазына табатындығыңызға кәміл сенімдімін!

Бүркітбаева Ақбала Амангелдіқызы


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз