Жаңа 2019 жыл қазақстандықтар үшін ерекше жыл, өйткені Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың өткен жылғы 5 қазандағы Жолдауында оны – Жастар жылы деп жариялаған болатын
Президент жастардың бүгіні мен болашағына қамқорлық жасауды өз саясатының негізгі мәні деп санайды. Ол жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауларында жастар саясатын жетілдіру бойынша іргелі тапсырмалар беріп жүргені белгілі, өйткені жастар қоғамның бір бөлігі ретінде мемлекетте маңызды рөл атқарады.
2019 жыл бойына еліміздің жастар буынан қолдауға бағытталған түрлі іс-шаралар өткізілді. Президенттік кадрлар резервін қалыптастыру басты оқиғалардың бірі болды. Бүгінгі таңда Қазақстан жастары еліміздің қоғамдық және саяси өміріне белсене қатысуда, қоғамның бір бөлігі ретінде мемлекет өмірінде маңызды рөл атқарады. Қазіргі жастар — негізгі стратегиялық ресурс, алдағы реформалардың локомотиві. Бүгінде жаңа бағдарлама мен құнды ұстанымдарымен, жоғары мақсаттарға жетуге бағытталған экономикалық жобаларымен өзге, инновациялық жастар қалыптасуда.
Үкімет Жастар жылын өткізудің жол картасын қабылдап, жүзеге асырды. Жол картасында жастарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету, білім беру, жұмыспен қамту, кәсіпкерлікті дамыту, жас отбасын қолдау және т. б. шаралар қарастырылған.2019 жылы 3 мың жас азамат Қазақстанның үш ірі қаласынан жалдамалы баспана алды. Нұр-Сұлтан қаласында жастар 1050 пәтер, Алматыда - 1050 және Шымкентте 900 пәтер алды.3 мыңнан астам жас маманға 13,5 млрд теңге сомасына тұрғын үй алуға бюджеттік несие берілді. "Дипломмен ауылға" жобасына қатысушыларға 1500 АЕК-тен аспайтын мөлшерде (3 787 500 теңге) бюджеттік несие беру қарастырылды.
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2019 жылғы жолдауында еліміздің тірегі – жастар мәселесіне жете мән бергендігімен аса маңызды деп санаймыз. Қоғамның даму үдерісін ілгерілетудің жетекші күші жастар екендігі ақиқат дүние. Жолдауда жоғары оқу орындарына мамандық алып шыққан жастардың өз мамандығы бойынша жұмысқа тұрып, елімізге қызмет етуі мәселесі қоғамның даму тенденциясын анықтайтын фактор екендігіне зор мағына берілген.
У.М.Джолдыбаева Әл–Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Қазақстан тарихы кафедрасының доценті
М.Ш.Шалқарова Әл–Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Шығыстану факультетінің 1-курс студенті
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі