Корейская косметика премиум класса

Достық туын желбірет

Дос болам десең,
Досыңды сыйла, қыымбаттым!
Досыңа сонда,
Досыммен ғана қымбатпын.
Дос болам десең,
Мендегі доспен достасқың,
Сендегі доспен дос болып сонда тұрмақпын.

М.Мақатаев

Достық дегеніміз киелі ұғым. Шынайы дос өзіңе рухани жақын, арманы мен тілегі бір жан. Достықтың басты қасиеті - адалдық. Сол адалдық әр адамның өз бойында болуы шарт. Сонда ғана достық мәңгілікке ұласады. Дос - адам жанының айнасы десек, “Жігітті досына қарап таны” деген халық мақалы есіңе түсседі. Адал дос табу - үлкен бақыт. Себебі достықтың адам өмірінде алар орны үлкен. 

“Дос болам десең, мендегі доспен достасқың” деп Мұқағали атамыз айтқандай, қазақ елінің жері қандай байтақ болса, досқа деген құлашы да, құшағы да сондай кең. Қазақстан - жүзден астам ұлт пен ұлыстың сүттей ұйып бір отбасындай тату - тәтті өмір кешіп жатқан киелі мекені.
Жетісуым - жеті құт ырыс маған,
Барша халық бауырында тыныстаған.
Араласып әрбір ұлт достасып жүр,
Аралассын адамдар туыс маған,
Алакөз боп күстана ұрыспаған - деген Мұқағали ақынның өміршеңдігі сол, қазіргі күннің тынысын дөп басқандай. Қазақстан ұлттар арасындағы ынтымақтықты, тұрақтылық пен татулықты сақтап отырған бірден бір ел. 

Дос табу оңай, ал оны сақтау одан да қиын. Достық қатынасқа нәзіктікпен қарап, берік сақтау керек. Өйткені ол да баптауды қажет ететін нәзік өсімдік сияқты. Біздер достықты сақтау үшін жан-тәнімізбен еңбектенбеуіміз керек. Қайтарымын қажет етпей, берудің жолдарын үйрену керек. Сенім мен жарқын көңіл – достықты берік ететін тірек саналады. Өзі шынайы дос бола білген адамның достары да көп болады және жер бетінде өзін жалғыз сезінбейді.

“Адам баласының бәрі дос. Не үшін десең, дүниеде жүргенде туысың, өсуің, шыққан жерің, бармақ жерің - бәрі бірдей, екі дүниенің қайғысына қаупің, жақсылығыңа рахатың - бәрі бірдей екен” - дейді Абай атамыз. Иә, адамдардың бәрі бірдей. Тек достық кілтін таба білу керек. 

Жайырова Нұрила, Қасымова Жанель Тұран университеті, 2 курс


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Қарап көріңіз

×