Адам өмірінде болатын жайттардың көбісі ойламаған жерден орын алатыны белгілі. Әсіресе дүйім дүниенідүр сілкіндіріп, әлемді әбігерге салған індет - ойламаған жерден тарап, барлық мемлекеттің осал тұсына айналды. Иә, расымен де «айтып келмеген ауру» алғашында барша жұрттың есін шығарғаны жасырын емес. Алайда індетттің ілмегіне іліккендер саны өршіп, жақын-жораларымыздан қапыда айырылтқаны, сағымызды сындырғаны өкінішті. Індет - бізді және бізді қоршаған барша адамдардың санасына үлкен ой мен түйін әкелген секілді. Әсіресе, қоғамдағы барлық жүйенің карантиндік режимге өзгеруі.
Әлбетте бұл өзгеріс алғашында талайдың есіншығарғаны жасырын емес. Себебі, күнделікті жұмыстың жүйесіне үйренген халық бұл режимге бірден үйренісе қоймады. Жұмысты үлкен кеңсе орындарынан емес, аядай ғана үйде жалғастыру ақылға сыймайтындай көрінді. Кейіннен қалыпқа түсекеле «адамның да көлеңкесі болатыны секілді» карантиннің жақсы тұсы мен көлеңке тұстарын ажыратып, сараптай бастады.
Бұл режим кейбір кәсіпкерлер үшін "сорына" айналса, енді бірінің "бағына" айналғалы карантинге биыл 1 жылдан аса уақыт болыпты. Бұның пайдасын осы уақытқа дейін жұмысы дөңгелемей тұрған онлайн қызмет көрсету орталықтары қызығын көрді десек болады. Әсіресе, тіпті сыртқа шығудың өзі арманға айналған уақыттарда онлайн азық-түлікке тапсырыс беріп, үйге дейін жеткізу қызметтері көбейгені мәлім. Жалпы карантиннің пайдасы мен зияны туралы түрлі тараптан қарастыра беруге болады. Оның тағы да бір пайдасы: күнінің көп бөлігін компьютерге телміріп, кеңседе жұмыс жасайтындар үшін, жұмысын үйден жасау тиімдірек. Себебі, үйде ыңғайлы орында жұмысыңды атқарып, отбасыңа да толық көңіл бөлуге болады. Карантиннің ең пайдалы тұсы - отбасының берекесін, татулығын одан әрмен арттыру. Осы уақытқа дейін ауызбіршілік, сыйластық, адамгершілік, ынтымақ сынды ұғымдардың мәні мен қадір-қасиеті жоғалып бара жатқан еді. Алайда карантин адамның терең ойлап, көп іс пен рухани күштің қадіріне жеткізуді үйретті.
Бұл режимнің осал тұсы да жетерлік. Ең алдымен кей қызметкерлер үшін тиімсіз болғаны рас. Әсіресе, ресторан, кафе сынды қоғамдық жерлерде жарығы өшпейтін ғимараттардың да бір сәтке қаңырап тұруынатура келді. Нәтижесінде, көптеген орындардың шығынға белшесінен батқаны сөзсіз. Қоғамымыздың айнасы болған ұстаздар мен оқытушылар қауымы үшінде бұл режим тиімсіз еді. Оқушылармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасайтын бұл қауым үшін онлайн сабақ беру ең күрделі процестердің бірі еді. Әсіресе, жаңа тақырыпты игеруде бала үшін ең қиындық туғызатыны оны игеріп, түсініп кету. Ал оған бұл жерде ұстаздан бөлек ата-ана да атсалыспаса, баланың ол тақырыпты игеріп кетуі екі талай. Осы сәтте бала да мұғалімнің қадір-қасиетін ұға бастады. Сол уақытта ата-ананың да жұмысы жүріп жатуы мүмкін. Осындайсын сағаттарда бір сәтте бірнеше жұмысты қатар алып жүруге тура келетін сәттер де күнделікті әдетке айналып кетті.
Бұл режим адамның жаңа, тың қабілеттерін дамытқаны рас. Әсіресе, технологияның тілін меңгеріп, онымен тез жұмыс жасауды қалмаса да бірден үйретті. Біржағынан бір темірге телміріп, денсаулық пен уақытының көп бөлігін соған кетірді. Қанша жерден карантиннің зиянынан пайдасы артып тұрса да, бір-бірімізбен дидарласып, емен жарқын жүздесудерде жұмыс жасағанға не жетсін, шіркін!
Таженова Гүлжан
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі